Қоғам

Дәстүр мен жаңашылдық: президент оқыған мектептің тыныс-тіршілігі

© Sputnik / Тимур БатыршинГимназия №25 имени Ильяса Есенберлина была основана 87 лет назад в купеческом доме на Пушкина
Гимназия  №25 имени Ильяса Есенберлина была основана 87 лет назад в купеческом доме на Пушкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Оңтүстік астанада орналасқан Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияда әр түрлі жылдарда танымал саяси қайраткерлер, ғалымдар оқыған
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Осы мектептің ең танымал түлегі – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Sputnik Қазақстан мемлекет басшысы мектепке барғанда қандай естелігімен бөліскенін және бір ғасырға жуық уақыт бойы жұлдызды түлектерді тәрбиелеп шығарып жатқан білім ордасының құпиясы неде екенін біліп қайтты.
© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп дәлізі.
Школьный коридор - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Мектеп дәлізі.
Алматыдағы №25 гимназияның директоры Ғазиза Аманбай Sputnik Қазақстан агенттігіне Тоқаевтың мектепке сапары туралы айтып берді. Сонымен қатар тілшілер мектептегі ерекше дәстүрлер туралы біліп, шамамен елу жыл бұрын президент жазған хатты оқыды және ол сабақ оқыған кабинетті көріп қайтты.
© Sputnik / Тимур БатыршинХат мәтінін Тоқаев құрастырған.
Текст письма составил Токаев, но писал не он - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Хат мәтінін Тоқаев құрастырған.
Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия 87 жыл бұрын шағын жинақты мектеп ретінде Пушкин көшесіндегі 73-ші көпес үйінде ашылды. Бастапқыда мұнда тек төрт сынып болған. 1937 жылы толық орта мектепке арналған жаңа ғимарат салынды да, 1962 жылы жанынан тағы ғимарат бой көтерді. Бұл гимназия Қазақстанның мәдениет тарихының ескерткіші болып саналады.
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл жылдары ол аты-жөнін Жомарт Тоқаев деп жазған.
В те годы президент Казахстана подписывался как Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бұл жылдары ол аты-жөнін Жомарт Тоқаев деп жазған.
50-жылдары бір қанатында Оқушылар сарайы орналасты. Ал Ұлы Отан соғысы кезінде бірінші қабатта әскери госпиталь болды.
2004 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметінің шешімімен мектепке Ілияс Есенберлиннің аты берілді.

"Жұлдызды" гимназия

Директор Ғазиза Аманбай гимназияда 28 жыл еңбек етсе, соның 15 жылын жоғары қызметте атқарып келеді. Ол қарапайым мұғалім қызметінен бірте-бірте білім мекемесінің басшысына дейін көтерілді. Ғазиза Әбдіхалыққызы гимназияның басшысы ретінде қонақжайлылық танытып, оқу кабинеттері мен музейді көрсетті. Ол әр оқушының аты-жөнін жатқа біліп қана қоймай, әр баланың тілегі және құлшынысымен де таныс екеніне көзіміз жетті. Жалпы 800 балаға арналған гимназияда қазір 1006 бала білім алып жатыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп оқушылары камера мен журналистер назарына үйренген.
Школьники этой гимназии давно привыкли к фотокамерам и журналистам - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Мектеп оқушылары камера мен журналистер назарына үйренген.
2019 жылы ғимарат толықтай жөндеуден өтті. Қамқоршылық кеңесіндегі ата-аналар мектеп дизайнымен айналысты. Олар қабырғалардың, есіктердің түсін таңдап, кабинеттің қалай безендірілетінін ойластырды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп асханасы кафе немесе ресторанға ұқсайды.
Школьная столовая больше похожа на кафе или ресторан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Мектеп асханасы кафе немесе ресторанға ұқсайды.
Айта кету керек, гимназия кабинеттерінің барлығы өтетін пәнге орай сәйкестендіріліп сәнделген. Мысалы, химия сыныбында қабырғаға Менделеев кестесі салынса, ағылшын және француз тілі кабинеттерінде екі елдің сәулетті орындарының суреттері ілінген. Дәлізде орындықтар, ойын үстелдері, шахмат, қолөнер бұйымдары мен суреттер қойылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинХимия кабинеті.
Кабинет химии - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Химия кабинеті.
"Балар үшін ыңғайлы. Себебі біреуі жүгіргенді ұнатса, біреуі отырып, конструктормен әуестенеді. Үзіліс пен сабақтан тыс уақытта олар сурет салып, кітап оқып, жазу жазады. Тарих, өзін-өзі тану, әдебиет пәндерін музейде және акт залында өтеді", - деді Ғазиза Аманбай.
© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп директоры Ғазиза Аманбай.
Директор гимназии №25 Газиза Аманбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Мектеп директоры Ғазиза Аманбай.
Оның айтуынша, мектептің қамқоршылық кеңесі де мықты. Биыл оның құрамына гимназияның төрт түлегі кірген.
"Көп түлек мұнда өз балаларын алып келеді, сондықтан білім алушылар арасында ұрпақ жалғастығы бар. Біздің гимназияның тағы бір ерекшелігі – рухы. Бізде қадірлейтін дәстүр өте көп. Өткен жылы мектепте оқу ордасының тарихы мен оның танымал түлектеріне арналған музей ашылды", - деді директор.
© Sputnik / Тимур БатыршинСабақтан тыс уақытта оқушылар шахмат ойнайды.
Во внеурочное время дети могут поиграть в шахматы в коридорах школы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Сабақтан тыс уақытта оқушылар шахмат ойнайды.
Музейге де мектептің аты секілді Ілияс Есенберлиннің есімі берілген. Оның ұлы да осы мектепті бітіріп, әкесінің үстел, баспа машинасы мен кітаптары секілді жеке заттарын музей қорына табыстады.
© Sputnik / Тимур БатыршинІлияс Есенберлиннің жазу машинкасы.
Печатная машинка Ильяса Есенберлина - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Ілияс Есенберлиннің жазу машинкасы.
№25 гимназияның әр жылдардағы атақты түлектері: Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, саясаткер Владимир Жириновский, тарихшы әрі журналист Иосиф Маляр, археолог Кемел Ақышев, өнертанушы Анатолий Кельберг, кинорежиссер Вадим Әбдірашитов, А-Студио тобының бас-гитарисі Владимир Миклошич, Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиев, режиссер Юрий Пискунов, композитор Әлім Зайыров, А-Студио тобының әншісі Бағлан Сәдуақасов, саясаткер Дәулет Сембаев, нейрохирург Юрий Аношин, ғалым Абай Байгенжин.

Болашаққа хат

Ғазиза Аманбай болашаққа хат жазып, оны уақыт капсуласына салу гимназиядағы басты дәстүр екенін айтты. Бұл ең алғаш рет 1970 жылы орындалған екен. Ал Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметінде болған Қасым-Жомарт Тоқаев 2003 жылы мектепке келіп, қызықты дәстүрді еске салды. Бірақ ол кубок тек бір жылдан кейін табылды.
© Sputnik / Тимур Батыршин1964 жылы жазылған хат.
Письмо от 1964 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
1964 жылы жазылған хат.
"2003 жылы түлек ретінде Тоқаев біздің мектепке келді. Ол вестибюльге кіре сала "осы бір тұсқа біз кубокты жасырған едік" деді. Біз ол жолы ештеңе түсінбедік. Бірақ 2004 жылы вестибюльді реконструкциялау кезінде құрылысшылар қабырғаны тазартып, жәдігерді тауып алды. Оның беті тақтаймен жабылып, ішінде осы кубок жатты. Қазір ол жақта тақтайша ілініп тұр", - деді директор.
© Sputnik / Тимур БатыршинКомсомолшылардың хаты.
Письма в будущее от комсомольцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Комсомолшылардың хаты.
Ғазиза Аманбай кубок табылатын уақытта мектепте болған. Бұл шақта қас қарайып, сағат жетіге жақындап қалған.
"Біз оны ашып көрдік. Оның ішінде комсомолшылардың хаты жатты. 1970 жылға алғашқы хатты 1964 жылғы түлектер жазған. Сол шақта алау алып жүретін шеру жүрген. Сонда комсомолшылар екі беттік параққа революцияның жүз жылдығына арнап 2017 жылдың түлектеріне хат арнаған", - деді Аманбай.
© Sputnik / Тимур БатыршинХат салынған уақыт капсуласы.
Капсула времени с письмами, которую закладывал выпускник Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Хат салынған уақыт капсуласы.
Капсуланы төрт комсомолшы бекіткен. Олардың қатарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт та болған. Бірақ болашақ президент мәтінді құрастырғанымен, оны өзі жазбаған.
© Sputnik / Тимур БатыршинУақыт капсуласы жасырылған қабырға.
Место, где была заложена самая первая капсула времени - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Уақыт капсуласы жасырылған қабырға.
2005 жылы гимназия 40 жыл бұрынғы бастаманы жалғастырып, оқушылар мен ұстаздар 2030 жылға арнап хат жазды және өз уақыт капсулаларын қабырғаға бекітті. Ал 2021 жылы мектепте болған Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылы ашылуы тиісті уақыт капсуласын орналастыруға қатысты.

Тоқаев балалық шақты еске алды

Гимназия директоры мемлекет басшысының жақында ғана болған мектепке сапарының жай-жапсарымен бөлісті. Оның айтуынша, Тоқаевтың келуіне қатысты ауқымды дайындық болған жоқ. Мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп жатты. Президент мектептің жабдықталуына, жөндеу жұмыстарына, қазіргі жағдайына жоғары баға берген. Ол "біздің кезде мұндай жабдықтар болмаған" деп айтқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинДиректорлар туралы мәлімет жазылған үй кітапшасы.
Помимо писем и досок почета там находится своего рода домовая книга, где с военных лет прописаны директора школы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Директорлар туралы мәлімет жазылған үй кітапшасы.
"Президент оқыған кабинетті де анықтап алдық. Ол кабинетті көрді. Сол жылдары әр сынып өз кабинетінде отырған. Сондықтан 10 "В" сыныбының кабинетін таптық. Үшінші қатардың үшінші партасында Тоқаев отырған. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Анна Борисовна Игдал президенттің сынып жетекшісі болған. Маған ол кісімен бірнеше жыл жұмыс істеу бұйырды", - деді Аманбай.
© Sputnik / Тимур БатыршинТарих бұрышы.
Тематический уголок современой истории Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Тарих бұрышы.
Тоқаев өзінің сүйікті ұстазы – Серафима Филатовна Никонованы еске алды. Ол тарихтан сабақ берген. Педагог 92 жасқа дейін өмір сүрген. Владимир Жириновский де оны бірнеше рет ерекше алғыспен есіне алған.
Тоқаев оқыған кезде мұндай акт залы болмаған. Қандай да бір іс-шара өткізу керек болған кезде парталарды сыртқа шығарып, үш кабинеттің бірін жасақтаған.
Тоқаев гимназияда әлі күнге дейін француз тілін тереңдетіп оқытатынын, Франция елшілігімен, Француз альянсымен тығыз байланыс бар екенін, халықаралық деңгейде оқушылармен алмасу жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті. Президент бұл жағдайды жоғары бағалап, осы дәстүрлерді және байланысты сақтау қажет екенін айтты.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕсенберлиннің жеке заттары.
Личные вещи Ильяса Есенберлина в школьном музее. Их передал в дар его сын - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Есенберлиннің жеке заттары.
Сонымен қатар, президент мектеп музейін тамашалады. Мұнда хаттар мен құрмет тақталарынан бөлек, соғыс жылдарынан бері мектепті басқарған директорлардың аты-жөні жазылған үй кітапшасы бар. Мемлекет басшысы құрметті қонақтар кітабында жазба қалдырды.
Тоқаев мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы 200-ден астам кітап сыйға тартты. Сондай-ақ ол VR-сынып табыстады. Бұл гимназия оқушыларының көптен бергі арманы болған. Ал оқушылар мен ұстаздар президентке цифрландырылған хаттар және архивтегі суреттер бар жинақты сыйлады.
Ғазиза Аманбай Қасым-Жомарт Тоқаев өзі бітірген жылдан бері мектебі жайлы ұмытпағанын айтты. Ол 2000 және 2014 жылдары мектепке хат жолдап, бірнеше рет кітаптар сыйлаған.
© Sputnik / Тимур БатыршинТоқаев сыйлаған кітаптар.
В школьную библиотеку Токаев подарил более 200 книг - и фантастика, и художественная литература, и словари, и научная литература, и психология - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Тоқаев сыйлаған кітаптар.
Сөз соңында Ғазиза Аманбай музейде гимназияның әрбір атақты түлегіне арнап жеке бұрыш дайындауды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір осы мақсатта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Мектеп әкімшілігі Мемлекеттік архивтен ескі сурет тауып алған. №25 мектеп сол жылдары архивке құжат тапсыратын жалғыз мектеп болып шықты.
Жаңалықтар
0