Өңірлер

ШҚО тұрғыны хабарламаның арқасында 4 млн теңге алды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында парақорлық фактілері туралы хабарлаған алты адам марапатталды
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған алты адам марапатталды, деп хабарлайды YK-news.
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағаны үшін сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңгені (9,1 мың доллар - Sputnik), ең төменгісі - 138 900 теңгені құрады", - деп хабарлайды облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғындарды сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы хабар беруге шақырады.
Онша ауыр емес қылмыстар туралы хабарламаларға тиісінше 40 айлық есептік көрсеткіш (116 680 теңге), ауырлығы орташа қылмыстар туралы хабарламаларға - 50 АЕК (145 850 теңге), ауыр, аса ауыр қылмыстар туралы хабар бергендерге 70 АЕК (204 190 теңге) және 100 АЕК (291 700 теңге) беріледі.
Ақшалай сыйақыдан бас тартқан кезде алғысхатпен марапаттау немесе алғыс жариялануы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0