https://sputnik.kz/20211221/qaragandy-jedel-jardem-qyzmetkerleri-18941303.html
Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың қорлауын диктофонға жазды
Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың қорлауын диктофонға жазды
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем станциясы бастығының қарамағындағылармен сөйлескен сөзінің жазбасы тарап кетті 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T10:06+0500
2021-12-21T10:06+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
қарағанды
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/07e5/03/17/16601531_0:178:1024:754_1920x0_80_0_0_b0e93812c61831dd42353c5a5d27e3db.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері басшылықтың қорлығына шағымданады, оны жұмыстан шығаруға тырысып жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Басшыны жұмыстан босату туралы өтінішке барлығы 17 дәрігер мен фельдшер қол қойды. Олардың бірі журналистерге оқиға туралы айтып берді. "Бізді қорлай бастады. Нанды адал еңбекпен таппайсыңдар, жезөкшелер деді. Мұнда көбіміз ошақ иесі, анамыз. Жиналыстан кейін мен қатты ауырдым, өзіме келе алмадым", - дейді қызметкер.Диктофон жиналыс кезінде бірден қосылмады, бірақ әдепсіз сөздер көп болған "әңгіменің" бір бөлігін жазып алды. Бұл ретте жедел жәрдем станциясының басшылығы этиканы бұзу фактісін жоққа шығармайды. Алайда балағат сөздерді қорлық деп санап отырған жоқ."Жедел тергеу қызметкерлері ұсынған материалдар фактісі бойынша осы қызметкерге сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. (Қорлау) - мен мұны естіген жоқпын", - дейді" Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК директоры Зульфикор Әбілқасымов.Алайда дәрігерлер алған бетінен қайтпақ емес. Тұрақты "этиканы бұзу" мен өздеріне қатысты мұндай әрекеттерге енді төзбейміз деп отыр."Біз оның қысымынан, оның ұятсыздығынан шаршадық. Біз министрлік пен Қарағанды қаласы әкімінің бізді естігенін қалаймыз", - дейді олар.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/17/16601531_0:82:1024:850_1920x0_80_0_0_3f4a8ae129990e7c77902f46608d80f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, жедел жәрдем
Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың қорлауын диктофонға жазды
10:06 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әлеуметтік желіде жедел жәрдем станциясы бастығының қарамағындағылармен сөйлескен сөзінің жазбасы тарап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері басшылықтың қорлығына шағымданады, оны жұмыстан шығаруға тырысып жатыр, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Басшыны жұмыстан босату туралы өтінішке барлығы 17 дәрігер мен фельдшер қол қойды. Олардың бірі журналистерге оқиға туралы айтып берді.
"Бізді қорлай бастады. Нанды адал еңбекпен таппайсыңдар, жезөкшелер деді. Мұнда көбіміз ошақ иесі, анамыз. Жиналыстан кейін мен қатты ауырдым, өзіме келе алмадым", - дейді қызметкер.
Диктофон жиналыс кезінде бірден қосылмады, бірақ әдепсіз сөздер көп болған "әңгіменің" бір бөлігін жазып алды. Бұл ретте жедел жәрдем станциясының басшылығы этиканы бұзу фактісін жоққа шығармайды. Алайда балағат сөздерді қорлық деп санап отырған жоқ.
"Жедел тергеу қызметкерлері ұсынған материалдар фактісі бойынша осы қызметкерге сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. (Қорлау) - мен мұны естіген жоқпын", - дейді" Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК директоры Зульфикор Әбілқасымов.
Алайда дәрігерлер алған бетінен қайтпақ емес. Тұрақты "этиканы бұзу" мен өздеріне қатысты мұндай әрекеттерге енді төзбейміз деп отыр.
"Біз оның қысымынан, оның ұятсыздығынан шаршадық. Біз министрлік пен Қарағанды қаласы әкімінің бізді естігенін қалаймыз", - дейді олар.