https://sputnik.kz/20211221/politsey-qylmys-jaza-18945754.html
Полицейдің қылмысын жасырғандар жазаланды
Полицейдің қылмысын жасырғандар жазаланды
Sputnik Қазақстан
Оқиға орнына барған екі полицей мен істі тіркеуге алмаған жедел уәкіл жұмыстан шығарылды. Тарбағатай аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты бойынша... 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T15:41+0500
2021-12-21T15:41+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_2f50d02ccee14fee06fdf338673dd3ec.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев мас болып адамға пышақ сұққан тәртіп сақшының ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында болған жанжал туралы ақпарат тарады. Оған сәйкес, өткен айдың соңында полиция старшинасы жеке меншік үйдің ауласында ер адамға пышақ сұққан. Жәбірленуші ішкі істер бөліміне хабар берген. Оқиға орнына учаскелік инспектор және тағы бір полицей келді. Ал кезекшілікте болған жедел уәкіл істі жасырып, тіркеуге алмады. Осылайша, полицейлер арызды қабылдамай қойған. Осыдан кейін жәбірленуші прокуратураға шағымданды.Облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев осы оқиғаның болғанын растады. Оның айтуынша, Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта танысымен жанжалдасып, бұзақылық әрекет жасаған.Бұдан бөлек, оқиға орнына барған екі полицей мен істі тіркеуге алмаған жедел уәкіл жұмыстан шығарылды. Тарбағатай аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары тәртіптік жазаға тартылды. Ол да қызметінен босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_3f43eba0798c25ff5abf24508d772d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Полицейдің қылмысын жасырғандар жазаланды
15:41 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Оқиға орнына барған екі полицей мен істі тіркеуге алмаған жедел уәкіл жұмыстан шығарылды. Тарбағатай аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары тәртіптік жазаға тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев мас болып адамға пышақ сұққан тәртіп сақшының ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында болған жанжал туралы ақпарат тарады. Оған сәйкес, өткен айдың соңында полиция старшинасы жеке меншік үйдің ауласында ер адамға пышақ сұққан. Жәбірленуші ішкі істер бөліміне хабар берген. Оқиға орнына учаскелік инспектор және тағы бір полицей келді. Ал кезекшілікте болған жедел уәкіл істі жасырып, тіркеуге алмады. Осылайша, полицейлер арызды қабылдамай қойған. Осыдан кейін жәбірленуші прокуратураға шағымданды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев осы оқиғаның болғанын растады. Оның айтуынша, Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта танысымен жанжалдасып, бұзақылық әрекет жасаған.
"Біз осы оқиға бойынша бірден тиісті шараларды атқардық. Сол күні 30 қарашада ол қызметкер теріс қылық үшін ішкі істер органдарының қатарынан шығарылды. Қазіргі кезде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазды Мәдиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұдан бөлек, оқиға орнына барған екі полицей мен істі тіркеуге алмаған жедел уәкіл жұмыстан шығарылды. Тарбағатай аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары тәртіптік жазаға тартылды. Ол да қызметінен босатылды.