https://sputnik.kz/20211221/ozbekstan-aryqtau-aqsha-18948382.html
Өзбекстанда салмақ тастаған адамдарға ақша береді
Өзбекстанда салмақ тастаған адамдарға ақша береді
Sputnik Қазақстан
Билік осы әдіс арқылы адамдарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға әдеттендіруді көздеп отыр 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T18:00+0500
2021-12-21T18:00+0500
2023-08-11T11:54+0500
әлем
өзбекстан
арықтау
азиада
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1e/15899383_0:208:2001:1333_1920x0_80_0_0_5120e7664deb91d36126135acd614514.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан облыстарының бірінде азаматтарға артық салмақтан арылғаны үшін ақы төлейтін болды.Ферғана облысының басшысы Хайрулло Бозоров осындай ерекше бастама көтерді. Ол жоғалтқан әрбір келі үшін 500 сом (20 297 теңге) төлеуге уәде етті.Шенеунік осы әдіс арқылы семіздік және дұрыс өмір салтын ұстанбаудан туындайтын аурулармен күреспекші, деп жазды Sputnik Өзбекстан.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ферғана облысында артық салмағы бар адамдарды ынталандыруға бағытталған арнайы жүйе іске қосылады.Азаматтар емханаға барып, өздерінің қазіргі салмағын тіркейді деп жоспарланып отыр. Жарты жылдан кейін қайтадан салмақ өлшейді де, жоғалтқан әрбір келі салмақ үшін 500 мың сомнан алады."Осылайша 5 келіге арықтаған адамға 2,5 миллион сом беріледі. Сол сияқты 10 келі артық салмақтан арылса, онда 5 миллион алады. Одан кейін ақы төлеудің қажеті жоқ. Себебі 10 килограмға арықтаған адамның көзі ашылып, ол өмірге басқаша қарай бастайды", - деді Хайрулло Бозоров.Облыс басшысының айтуынша, Өзбекстанда зиянды өмір салтынан, артық салмақтан, дұрыс тамақтанбаудан және аз қозғалудан туындаған аурулар деңгейі 80%-ке жетті.Оқи отырыңыз: Дәрігер 40 жастан кейін ағзадағы холестеринді азайтатын азық-түлікті атады
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1e/15899383_93:0:1870:1333_1920x0_80_0_0_daf7aad583d6c432e39c74a5706c74f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, арықтау, азиада
өзбекстан, арықтау, азиада
Өзбекстанда салмақ тастаған адамдарға ақша береді
18:00 21.12.2021 (жаңартылды: 11:54 11.08.2023) Билік осы әдіс арқылы адамдарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға әдеттендіруді көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан облыстарының бірінде азаматтарға артық салмақтан арылғаны үшін ақы төлейтін болды.
Ферғана облысының басшысы Хайрулло Бозоров осындай ерекше бастама көтерді. Ол жоғалтқан әрбір келі үшін 500 сом (20 297 теңге) төлеуге уәде етті.
Шенеунік осы әдіс арқылы семіздік және дұрыс өмір салтын ұстанбаудан туындайтын аурулармен күреспекші, деп жазды
Sputnik Өзбекстан."Салауатты өмір салтын ұстанбаудың салдарынан науқастар саны өсіп жатыр. Мысалы, қант диабетіне шалдыққан 32 мың адамның небәрі 2 мыңына бұл дерт тұқым қуалау арқылы берілген. Қалған 30 мың адам семіздік, дұрыс тамақтанбау, отырып көп жұмыс істеу салдарынан осы ауруға шалдығып отыр", -деді өңір басшысы.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ферғана облысында артық салмағы бар адамдарды ынталандыруға бағытталған арнайы жүйе іске қосылады.
Азаматтар емханаға барып, өздерінің қазіргі салмағын тіркейді деп жоспарланып отыр. Жарты жылдан кейін қайтадан салмақ өлшейді де, жоғалтқан әрбір келі салмақ үшін 500 мың сомнан алады.
"Осылайша 5 келіге арықтаған адамға 2,5 миллион сом беріледі. Сол сияқты 10 келі артық салмақтан арылса, онда 5 миллион алады. Одан кейін ақы төлеудің қажеті жоқ. Себебі 10 килограмға арықтаған адамның көзі ашылып, ол өмірге басқаша қарай бастайды", - деді Хайрулло Бозоров.
Облыс басшысының айтуынша, Өзбекстанда зиянды өмір салтынан, артық салмақтан, дұрыс тамақтанбаудан және аз қозғалудан туындаған аурулар деңгейі 80%-ке жетті.