Экономика

Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монета айналымға шығады

© Sputnik / Ирина СемибратоваМонеты
Монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі "QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
"QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL" коллекциялық монеталары туралы
Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады. 2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады.
© Photo : Ұлттық банк баспасөз қызметіQAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталары.
QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталары.
Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан республикасының иемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар.
Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін "150 JYL" деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін "2021" деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра "QAJYMUQAN MUŃAITPASULY" деген жазу орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0