https://sputnik.kz/20211221/ekologiya-ministrligi-tutin-18950154.html
Экология министрлігі Өскемендегі қызғылт түтінге не себеп болғанын анықтады
Экология министрлігі Өскемендегі қызғылт түтінге не себеп болғанын анықтады
Sputnik Қазақстан
Шығыс Қазақстанда облыс орталығының тұрғындары титан-магний комбинатынан шыққан қызғылт түтінге байланысты дабыл қақты. Бұған ауадағы хлор деңгейінің... 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T19:51+0500
2021-12-21T19:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18947277_17:0:1738:973_1920x0_80_0_0_0ecac5d7cc96acfc00d80de03d406a1c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі қызғылт түтіннің себебін атады.Бұған дейін кәсіпорын мұржаларының маңында қызғылт түтін шығып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.Тұрғындар "Өскемен титан-магний комбинаты"АҚ-да апат болды деп болжады. Кәсіпорын өкілдері мен экологтардың түсініктеме бермеуі қала тұрғындарын одан сайын үрейлендірді.Министрдің айтуынша, комбинатта болуы мүмкін апат туралы ақпарат 21 желтоқсан күні сағат 12:00-де түскен."Сағат 12:15-те экология департаменті мән-жайды анықтау мақсатында санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы жер үсті қабатындағы зиянды заттардың мөлшерін өлшеді. Нәтижесінде хлордың белгіленген шекті концентрациядан асып кеткені анықталды", - деді экология министрлігінің басшысы.Сондай-ақ Серікқали Брекешев облыстық экология департаменті комбинатта жоспардан тыс тексеріс жүргізуге бастамашылық етті.Оқи отырыңыз: Алматы метросындағы түтін жолаушылардың үрейін ұшырды – видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18947277_104:0:1651:973_1920x0_80_0_0_6d8f2f7899441c2cc37ee0c49ee4c35b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Экология министрлігі Өскемендегі қызғылт түтінге не себеп болғанын анықтады
19:51 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Шығыс Қазақстанда облыс орталығының тұрғындары титан-магний комбинатынан шыққан қызғылт түтінге байланысты дабыл қақты. Бұған ауадағы хлор деңгейінің жоғарылауы себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі қызғылт түтіннің себебін атады.
Бұған дейін кәсіпорын мұржаларының маңында қызғылт түтін шығып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.
Тұрғындар "Өскемен титан-магний комбинаты"АҚ-да апат болды деп болжады. Кәсіпорын өкілдері мен экологтардың түсініктеме бермеуі қала тұрғындарын одан сайын үрейлендірді.
Министрдің айтуынша, комбинатта болуы мүмкін апат туралы ақпарат 21 желтоқсан күні сағат 12:00-де түскен.
"Сағат 12:15-те экология департаменті мән-жайды анықтау мақсатында санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы жер үсті қабатындағы зиянды заттардың мөлшерін өлшеді. Нәтижесінде хлордың белгіленген шекті концентрациядан асып кеткені анықталды", - деді экология министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ Серікқали Брекешев облыстық экология департаменті комбинатта жоспардан тыс тексеріс жүргізуге бастамашылық етті.