Қоғам

Билет 9 мыңнан басталады: 2022 жылы алты бағыт бойынша әуе рейсі субсидияланады

© Photo : Pixabay / Jan VašekПассажир в аэропорту
Пассажир в аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Субсидияланатын бағыттар ішінде Көкшетау, Петропавл және курорттық аймақтар бар. Әуе билетінің құны 9 мың теңгеден басталады
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. 2022 жылы Қазақстанның алты аймағына, оның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланатын рейстерді жүзеге асыратын әуекомпаниялар анықталды, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Тасымалдаушы болып "SCAT", "Qazaq Air" және "Южное небо" әуекомпаниялары бекітілді.
"Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша, оның ішінде Түркістанға 10 әуе бағытта, Көкшетау, Петропавл қалаларына 3 әуе бағыттан, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына 2 әуе бағыттан конкурс өтті", - делінген хабарламада.
Әуе бағыттарды субсидиялау өңірді дамыту үшін әуе бағыттарын тұрақты рейстермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Алайда коммерциялық негізде орындау үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді.
2022 жылы осы бағыттар бойынша "SCAT", "Qazaq Air" және "Южное небо"әуе компаниялары тасымалдаушы болады, билет құны 9-дан 25 мың теңге аралығында бекітіледі.
Жаңалықтар
0