https://sputnik.kz/20211221/Tokaev-TMD-bedel-18941206.html
Тоқаев: ТМД 30 жыл ішінде әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды
Тоқаев: ТМД 30 жыл ішінде әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T09:54+0500
2021-12-21T09:54+0500
2023-08-09T12:40+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/01/01/19034576_0:69:1313:808_1920x0_80_0_0_5176eb7fe49dfc85835a9489c8afc504.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының маңыздылығын атап өтті."1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады", - деп жазды президент Twitter-де.1991 жылы Алма-Ата декларациясына қол қою бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіз мемлекетке айналуындағы соңғы нүкте болды. Алма-Ата декларациясына қол қояр алдында сол жылдың 8 желтоқсанында Вискуляда (Беларусь үкіменің резиденциясы) Белараусь, Ресей және Украина ТМД құру туралы келісімге қол қойған. Осы келісім арқылы кеңестік орталықтың құрылымы жойылды. Келісімге қол қойған әр ел тәуелсіздігін алды.Ал 21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі астанасында 11 тәуелсіз мемлекет бұл келісімнің хаттамасына қол қойды. Ол құжатта Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украина тең дәрежеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады деп жазылған. 1993 жылдың желтоқсанында ТМД-ға Грузия қосылды.Декларацияға сәйкес, ТМД мүшелері әскери-стратегиялық күштерді біріктіру мен ядролық қаруды ортақ бақылау мен экономикалық кеңістікті дамтуды арнайы үйлестіру инститтутары арқылы жүзеге асыруға тырысты. Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/01/19034576_73:0:1241:876_1920x0_80_0_0_efa86662120ad127426ffe0e54e7625f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тмд
Тоқаев: ТМД 30 жыл ішінде әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды
09:54 21.12.2021 (жаңартылды: 12:40 09.08.2023) Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының маңыздылығын атап өтті.
"1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады", - деп жазды президент Twitter-де.
1991 жылы Алма-Ата декларациясына қол қою бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіз мемлекетке айналуындағы соңғы нүкте болды.
Алма-Ата декларациясына қол қояр алдында сол жылдың 8 желтоқсанында Вискуляда (Беларусь үкіменің резиденциясы) Белараусь, Ресей және Украина ТМД құру туралы келісімге қол қойған. Осы келісім арқылы кеңестік орталықтың құрылымы жойылды. Келісімге қол қойған әр ел тәуелсіздігін алды.
Ал 21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі астанасында 11 тәуелсіз мемлекет бұл келісімнің хаттамасына қол қойды. Ол құжатта Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украина тең дәрежеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады деп жазылған. 1993 жылдың желтоқсанында ТМД-ға Грузия қосылды.
Декларацияға сәйкес, ТМД мүшелері әскери-стратегиялық күштерді біріктіру мен ядролық қаруды ортақ бақылау мен экономикалық кеңістікті дамтуды арнайы үйлестіру инститтутары арқылы жүзеге асыруға тырысты.