Видео

Нұр-Сұлтанда қысқы демалысты қалай өткізуге болады – видео

Жазылу
Елорда көшелері жаңа жылдың басты атрибуттары – шыршалар, сыйлықтар, жаңа жылдық ойыншықтар және гирляндалармен безендірілді.
Қаланың түрлі жерлерінде тұрғындардың белсенді қысқы демалысын түрлендіретін сырғанақтар мен мұз айдындары пайда болды.
Қала тұрғындары арасында танымал ашық алаңдарда мұз сырғанақтары қойылып, мұз айдындары төселді, бұл жерлерде кез келген адам сырғанап, тюбингтер мен конькилерді жалға ала алады. Мұнда сіз ыстық шай немесе кофе ішіп жылына аласыз.
Биыл еліміздің басты жаңа жылдық шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында "Нұр әлем" павильонының жанында орналасқан.
Айта кету керек, тек Есіл ауданының аумағында ғана 4 жаңа жылдық шырша орнатылды: бастысы – ЭКСПО аумағында, "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда, Достық көшесіндегі "Керуен" СОО жанында, сондай-ақ Ұлы Дала және Ақмешіт көшелерінің қиылысында. Сонымен қатар, шыршалар демеушілер есебінен және басқа жерлерде орнатылады.
Байқоңыр ауданының аумағында осы жылы 5 мұз қалашығы жайластырылады, онда жаңа жылдық шыршалар, мұз айдындары, төбешіктер мен шағын сәулет нысандарын орнату көзделген.
Бұдан басқа, жаңа жылдық кейіпкерлердің мүсіндері мен шыршалары Абай даңғылындағы "Жазушылар" гүлзарында, Өндіріс, Кирпичный, Казгородок тұрғын алаптарында орнатылады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін ауданда орналасқан мектептер (№5 гимназия, №27, 34, 8, 87 ОМ) мен Кемеңгерұлы көшесі, 8, Жұбанов көшесі, 3 аулаларының аумағында 7 мұз айдыны құйылады.
Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда, Президенттік саябақтың Байтұрсынов көшесі жағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Триатлон паркте, Сарайшық шағын ауданында,Қошқарбав көшесі, 80 тұрғын үйлерінің аумағында, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын алаптарында орналасқан тұрғын үйлер ауданында таза ауада белсенді қысқы демалысты өткізуге және мұз төбешігінен сырғанауға болады.
Бұл орындар сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
 
Жаңалықтар
0