https://sputnik.kz/20211221/Kentau-mektep-zhasospirim-18944180.html
Кентауда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті
Кентауда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T13:57+0500
2021-12-21T13:57+0500
2023-08-09T09:58+0500
қоғам
кентау
төбелес
оқушы
https://sputnik.kz/img/317/11/3171130_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_f389e43b0fb63f75436d9a5eafd845b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Кентауда жасөспірім қыздар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті.Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыздың екіншісінің шашынан жұлып, басынан ұрғылап жатқанын көруге болады. Ал видеоны түсіріп тұрғандар ажыратудың орнына төбелестің көрігін қыздырып тұр, деп жазды Отырар. Аталған факт бойынша 17 желтоқсанда Кентау полициясына жәбір көрген қыздың анасы шағымданды. Оның айтуынша, қызы көптеген дене жарақатын алған.Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан.Оқиғадан кейін бір қыз ауруханаға жеткізілді.Полиция екі жасөспірімнің ата-анасымен және мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын өткізді.Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Төбелестің кадры заңгер Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды. "Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады! Ерлан Тұрғымбаев мырза жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап "жастар арасындағы қылмысты алдын алу бағытында" түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын", - деп жазды ол.Заңгердің айтуынша, Түркістан облысы, Кентау қаласы №1 -ші мектептің 8-ші сынып оқушысы жәбірленушіні бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған."Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын Кентау қаласы 22-ші мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жастағы оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр. Учаскелік полиция келіп шағым алғаннан әрі іс қозғалмай тұр. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп әкімшілігі тарапы үнсіз. Қыз мектепке барудан бас тартып жатыр дейді анасы. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады", - деп жазды ол.Оқи отырыңыз:
кентау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/317/11/3171130_84:0:805:541_1920x0_80_0_0_0b1a66835a9a0c1ee70050e2217babc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кентау, төбелес, оқушы
Кентауда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті
13:57 21.12.2021 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Кентауда жасөспірім қыздар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті.
Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыздың екіншісінің шашынан жұлып, басынан ұрғылап жатқанын көруге болады. Ал видеоны түсіріп тұрғандар ажыратудың орнына төбелестің көрігін қыздырып тұр, деп жазды
Отырар.
Аталған факт бойынша 17 желтоқсанда Кентау полициясына жәбір көрген қыздың анасы шағымданды. Оның айтуынша, қызы көптеген дене жарақатын алған.
Мәлім болғандай, жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, олар мектеп ауласында жаға жыртысқан.
Оқиғадан кейін бір қыз ауруханаға жеткізілді.
Полиция екі жасөспірімнің ата-анасымен және мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Төбелестің кадры заңгер Айгүл Орынбектің
Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады! Ерлан Тұрғымбаев мырза жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап "жастар арасындағы қылмысты алдын алу бағытында" түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын", - деп жазды ол.
Заңгердің айтуынша, Түркістан облысы, Кентау қаласы №1 -ші мектептің 8-ші сынып оқушысы жәбірленушіні бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған.
"Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын Кентау қаласы 22-ші мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жастағы оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр. Учаскелік полиция келіп шағым алғаннан әрі іс қозғалмай тұр. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп әкімшілігі тарапы үнсіз. Қыз мектепке барудан бас тартып жатыр дейді анасы. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады", - деп жазды ол.