https://sputnik.kz/20211221/Enbek-ministrlgi-zhumys-18941768.html
Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүргенін хабарлады
Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүргенін хабарлады
Sputnik Қазақстан
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T10:57+0500
2021-12-21T10:57+0500
2023-08-09T12:29+0500
қоғам
жұмыс
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/07/17266438_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_0333ef1b1b2dbe9a5bff96f3b1bf6f13.jpg
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүргенін хабарлады.Министрліктің ақпаратына сәйкес, еңбек миграциясы бойынша негізгі елдер қатарында Қытай - 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам бар. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар – 7 748 адам) және төртінші (білікті жұмысшылар – 735 адам) санаттарға жатады.Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 2 057 адам тартылған."Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ін құрайды", - деп хабарлады министрлік.Айта кетері, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ті немесе 29,3 мың бірлікті құрады.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/07/17266438_134:0:1147:760_1920x0_80_0_0_5021d68a377be47ac438e595fa8bc89c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, шетелдік
жұмыс, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, шетелдік
Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүргенін хабарлады
10:57 21.12.2021 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүргенін хабарлады.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, еңбек миграциясы бойынша негізгі елдер қатарында Қытай - 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам бар.
"2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 15 527 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жүр", - делінген ақпаратта.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:
- бірінші санат – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары);
- екінші санат – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар – 7 748 адам) және төртінші (білікті жұмысшылар – 735 адам) санаттарға жатады.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 2 057 адам тартылған.
"Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ін құрайды", - деп хабарлады министрлік.
Айта кетері, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.
2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ті немесе 29,3 мың бірлікті құрады.