Елорда тынысы

Елорда полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік ережелерін еске салды

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуПродажа пиротехники
Продажа пиротехники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Қарапайым пиротехникалық өнімнің де өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін ұмытпау керек
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тұрғындар пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады. Осыған байланысты елорда аумағында "Пиротехника-2021" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты
Жедел алдын алу іс-шарасы 2021 жылдың 15 желтоқсанында басталды, ол 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады. Оның аясында халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:
  • пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);
  • балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
  • қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
  • пиротехника жарылған кезде қашықта болыңыз;
  • ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
  • көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 метр қашықтықта болуға тиіс;
  • білтені қашықтықты сақтап тұтату керек;
  • жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.
Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.
Жаңалықтар
0