Қысы-жазы бір түсте: әлем елдеріндегі мерекелік шыршалар – фото
Қысы-жазы бір түсте: әлем елдеріндегі мерекелік шыршалар – фото
Sputnik Қазақстан
Жаңа жылға дейін санаулы күн қалды. Әлемнің көп елі қала көшелері мен ғимараттарын мерекеге сай безендіруді белсенді жүзеге асырып жатыр 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
Жылдың ең ғажайып мерекесі қарсаңында әлем елдерінде безендірілген басты шыршаларды тамашалай отырыңыз.Алайда коронавирус салдарынан бірқатар ел мен қала билігі дәстүрлі жаңа жылдық жәрмеңкеден бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ бұл жағдай адамдардың мерекелік көңіл-күйін түсірмеді.Өйткені осы күні ең реалист адамның өзі ғажайыпқа сеніп, болашаққа, келер жаңа жылға зор үміт артатыны анық.Ал айналада шамдар жарқырап, мейрам қарсаңындағы қарбалас үдеген шақта кім-кімнің де көңілі жібіп сала береді емес пе... Себебі бұл бейқам балалық шақтың мерекесі іспеттес.
Жаңа жылға дейін санаулы күн қалды. Әлемнің көп елі қала көшелері мен ғимараттарын мерекеге сай безендіруді белсенді жүзеге асырып жатыр
Жылдың ең ғажайып мерекесі қарсаңында әлем елдерінде безендірілген басты шыршаларды тамашалай отырыңыз.
Алайда коронавирус салдарынан бірқатар ел мен қала билігі дәстүрлі жаңа жылдық жәрмеңкеден бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ бұл жағдай адамдардың мерекелік көңіл-күйін түсірмеді.
Өйткені осы күні ең реалист адамның өзі ғажайыпқа сеніп, болашаққа, келер жаңа жылға зор үміт артатыны анық.
Ал айналада шамдар жарқырап, мейрам қарсаңындағы қарбалас үдеген шақта кім-кімнің де көңілі жібіп сала береді емес пе... Себебі бұл бейқам балалық шақтың мерекесі іспеттес.
Ал мына адам джедай семсерімен коронавирус және онымен байланысты барлық шектеуге қарсы күресуге дайын екенін паш етіп тұр. Ол Брюссельдегі Гран-плас алаңында осы қабілетін дәлелдеп үлгерді
Жұмысшылар Вестминстердегі Парламент ғимаратынң алдына қойылған шыршаны әсемдеп жатыр. Лондонның бұл аумағында жүз метрге созылатын шамдар жасыл шыршаға сән беріп тұр
Адамдар Гонконгтегі жаңа жылдық шырша жанында суретке түсіп жатыр. Экваторға жақын орналасқан осы қалаға елшқашан қар жаумаған. Әйтсе де бұл тұрғындардың көшені жаңа жылға сәйкес безендіруіне кедергі емес
Ал Старсбургте карантин шектеулеріне қарамастан, биыл жаңа жылдық жәрмеңке ашылды. Ал алаң ортасында жарқырап тұрған ағаш шырша болмаса да, қала тұрғындары мерекелік көңіл-күйді түсірер емес
Инсбурк алаңы да қаңырап бос тұр. Себебі Австрияның бұл қаласында жаңа жылдық жәрмеңке өткізуге тыйым салды. Алаңдағы жасыл шырша да жалғызсырап қалғандай...
Жастар Бангкоктегі мерекелік шырша жанында жиналып тұр. Бұл қалада да шынайы қыс болмайтынына қарамастан, мерекенің басты атрибуты жаңа жылдың жақын қалғанын аңғартып тұр
Ал Швейцарияның Цюрих қаласында қала билігі көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан мерекелік жәрмеңке өткізуден бас тартпады. Жаңа жылдық шырша шамдарының ерекше жарқырауы да сондықтан болар