https://sputnik.kz/20211220/Tsoy-lauazymynan-bosatyldy-18926195.html
Денсаулық сақтау министрі Цой қызметінен босатылды
Денсаулық сақтау министрі Цой қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігін Қазақстанда коронавирус індеті өршіген кезде – 2020 жылдың 25 маусымынан бастап басқарды 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T08:16+0500
2021-12-20T08:16+0500
2023-08-09T10:14+0500
саясат
алексей цой
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/04/15658361_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3f49e826aad3cfff7312fe8ea7e284ef.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Алексей Цой 2020 жылдың 25 маусымында қазір тергеліп жатқан Елжан Біртановтың орнына денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.Алексей Цойдың өмірбаяныАлексей Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және тағы басқа елдерде тағылымдамадан өткен.Іскерлік әкімшілік докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері болған."Еуроазиаттық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, Қазақстан президенті іс басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, Қазақстан президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. Цой 2019 жылдың ақпанынан бастап министр болып тағайындалғанға дейін Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығын басқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/04/15658361_129:0:1089:720_1920x0_80_0_0_c73fa1a4d8485f5eb233c870d3a41529.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алексей цой, денсаулық сақтау министрлігі
алексей цой, денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрі Цой қызметінен босатылды
08:16 20.12.2021 (жаңартылды: 10:14 09.08.2023) Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігін Қазақстанда коронавирус індеті өршіген кезде – 2020 жылдың 25 маусымынан бастап басқарды
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Алексей Цой 2020 жылдың 25 маусымында қазір тергеліп жатқан Елжан Біртановтың орнына денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Алексей Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.
Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және тағы басқа елдерде тағылымдамадан өткен.
Іскерлік әкімшілік докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.
Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері болған.
"Еуроазиаттық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, Қазақстан президенті іс басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, Қазақстан президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған.
Цой 2019 жылдың ақпанынан бастап министр болып тағайындалғанға дейін Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығын басқарды.