https://sputnik.kz/20211220/Tokaev-Parlamentaralyk-odak-18931431.html
Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады
Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T14:26+0500
2021-12-20T14:26+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
президент
қабылдау
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_6c4ae907d701c8bd4930ba484c046570.jpg
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға ілтипат білдіріп, Парламентаралық одақпен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан оның елімізге жасаған сапарының маңыздылығын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға еліміздегі демократиялық институттарды және заң үстемдігін нығайтуға, адам құқығы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы оны 2022 жылдың қыркүйегінде болатын Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды.Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.Сонымен қатар ол еліміздің осы кезеңдегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отырғанына назар аударды.Португалия парламентариі мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты.Сонымен қатар Қазақстан мен Португалия қатынастарын өркендету аясында Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_9760cb815c048116994756a9678520e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қабылдау
Тоқаев Парламентаралық одақтың президентін қабылдады
14:26 20.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға ілтипат білдіріп, Парламентаралық одақпен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан оның елімізге жасаған сапарының маңыздылығын атап өтті.
"Парламентаралық одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым саналады. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз аталған Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға еліміздегі демократиялық институттарды және заң үстемдігін нығайтуға, адам құқығы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы оны 2022 жылдың қыркүйегінде болатын Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды.
Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Сонымен қатар ол еліміздің осы кезеңдегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отырғанына назар аударды.
Португалия парламентариі мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты.
Сонымен қатар Қазақстан мен Португалия қатынастарын өркендету аясында Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.