https://sputnik.kz/20211220/Prezident-sot-zhyesi-18938857.html
Президент сот жүйесі мен судьядар мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент сот жүйесі мен судьядар мәртебесі туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Заңның негізгі мақсаты – судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T16:44+0500
2021-12-20T16:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
президент
сот
судья
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_e32ff9ffed0749023afa701b44bf620c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңның негізгі мақсаты – судьялардың кәсіби дайындығын шыңдау, сот жүйесіне білікті маман тарту, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу.Осыған байланысты құқықтың аса күрделі салаларында мамандандырылған біліктілік емтиханы жеке конкурс ретінде ұйымдастырылады. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия Жоғарғы соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметін бағалайды.Ал судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тартудың ескіру мерзімі ұзарады. Атап айтқанда, теріс қылық жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін, ол анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін ұзарады. Осы уақыттың ішінде тәртіптік жазаны қолдануға рұқсат бар. Соттарды қаржыландырудың жаңа моделіне сәйкес, республикалық бюджеттен ақша пайыздық өлшеммен беріледі. Оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды. Ал Жоғарғы соттың кеңейтілген жалпы отырысы оны ары қарай бөледі.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d2f45f7130d40ec5701647c3ad698071.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, сот, судья
Президент сот жүйесі мен судьядар мәртебесі туралы заңға қол қойды
16:44 20.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Заңның негізгі мақсаты – судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның негізгі мақсаты – судьялардың кәсіби дайындығын шыңдау, сот жүйесіне білікті маман тарту, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу.
Осыған байланысты құқықтың аса күрделі салаларында мамандандырылған біліктілік емтиханы жеке конкурс ретінде ұйымдастырылады. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия Жоғарғы соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметін бағалайды.
Ал судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тартудың ескіру мерзімі ұзарады. Атап айтқанда, теріс қылық жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін, ол анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін ұзарады. Осы уақыттың ішінде тәртіптік жазаны қолдануға рұқсат бар.
Соттарды қаржыландырудың жаңа моделіне сәйкес, республикалық бюджеттен ақша пайыздық өлшеммен беріледі. Оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды. Ал Жоғарғы соттың кеңейтілген жалпы отырысы оны ары қарай бөледі.