Қоғам

Алексей Цой отставкаға кеткеннен кейін желіде жазба жариялады

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте КазахстанаМинистр здравоохранения Алексей Цой
Министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылғаннан кейін қайда жұмыс істейтінін тұспалдап айтты
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қызметінен босатылған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуды қолға алғанын хабарлады.
"Бүгін менің азаматтық секторға ауысу және ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы денсаулық сақтауды дамыту туралы шешімім қолдау тапты", - деп жазды Цой әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол мемлекет басшысы COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырғанын айтты.
"Біз эпидемиологиялық қауіп-қатерге қарсы тұру шараларын қабылдадық: әр өңірде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем көлігі паркі, жасанды тыныс алу аппараттары, ауылдағы жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтика өнеркәсібі өнім шығару бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді, дәрілер мен медициналық бұйымдардың қажетті қоры жасақталды, СЭС пен зертхана қызметінің әлеуеті артты, QazVac вакцинасы шығарылды", - деп шолу жасады Цой атқарылған жұмыстарға.
"Аз уақыт ішінде денсаулық сақтау саласы нығайды, біз жүйелі түрде медицина қызметкерлерінің жалақысын көтердік, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті медициналық қызметін денсаулық сақтау министрлігіне өткізу туралы және басқа да көптеген заң жобасын әзірледік", - деді ол.
Сондай-ақ Цой "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілгенін, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның басқа да агенттігімен өнімді әріптестік жолға қойылғанын айтып өтті.
"Ел басшылығына, президент әкімшілігіне, премьер-министрге, үкіметтегі әріптестеріме, денсаулық сақтау министрлігіне, барлық жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға, БАҚ-қа, еріктілерге, үкіметтік емес ұйымдарға және қымбатты медицина қызметкерлеріне сенім білдіргені және Қазақстан халқының игілігі үшін бірлесіп атқарған орасан зор жұмысы үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды Цой.
"Жақын арада еңбек жолының жаңа векторын анықтаймыз. Алда жаңа жобалар күтіп тұр", - деп түйіндеді Алексей Цой.
Айта кетері, 2021 жылдың 20 желтоқсанында мемлекет басшысы Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі Цой қызметінен босатылды 
Жаңалықтар
0