https://sputnik.kz/20211219/politsiya-eskertu-zhasady-18923081.html
Елордада алаяқтық жиілеп кетті: полиция ескерту жасады
Елордада алаяқтық жиілеп кетті: полиция ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Полиция департаменті қала тұрғындарын сақ болуға, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырды 19.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-19T11:32+0500
2021-12-19T11:32+0500
2023-08-10T17:15+0500
елорда тынысы
алаяқтық
полиция
баспана
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_40dc5009ba6979b0a374fa0b6bd8dea2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өзін банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, тұрғын үй кезегін жылжыту немесе ипотеканы ресімдеу үшін ақшалай сыйақы сұрайтын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.Мәселен, биыл 17 желтоқсанда ішкі істер органдарына елорда тұрғыны арыз берген. Алаяқ елорда әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасының қызметкерімен деп танысып, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен ақша алған.Оқи отырыңыз: Шымкентте банк қызметкері клиенттің атынан кредит рәсімдеп алған Елорданың тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша танысы екінші деңгейлі банктерде байланысы бар екенін айтып, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Өз "қызметі" үшін сәуір айында 2,2 миллион теңге алған, бірақ бүгінге дейін уәдесін орындамаған.Полиция департаменті қала тұрғындарын сақ болуға, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырып, банктердің, әкімдіктің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ресми телефондарына қайта қоңырау шалып, тексеру керектігін ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_84:0:1221:853_1920x0_80_0_0_c0229d34e4b4a75479e6f39cc358c416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, полиция, баспана
алаяқтық, полиция, баспана
Елордада алаяқтық жиілеп кетті: полиция ескерту жасады
11:32 19.12.2021 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Полиция департаменті қала тұрғындарын сақ болуға, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өзін банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, тұрғын үй кезегін жылжыту немесе ипотеканы ресімдеу үшін ақшалай сыйақы сұрайтын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми
сайты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәселен, биыл 17 желтоқсанда ішкі істер органдарына елорда тұрғыны арыз берген. Алаяқ елорда әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасының қызметкерімен деп танысып, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен ақша алған.
Елорданың тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша танысы екінші деңгейлі банктерде байланысы бар екенін айтып, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Өз "қызметі" үшін сәуір айында 2,2 миллион теңге алған, бірақ бүгінге дейін уәдесін орындамаған.
Полиция департаменті қала тұрғындарын сақ болуға, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырып, банктердің, әкімдіктің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ресми телефондарына қайта қоңырау шалып, тексеру керектігін ескертті.