Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинРаботники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов
Работники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 440 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 494 науқас тіркелген болатын. Пандемия басталғаннан бері елде 982 915 адам індетті жұқтырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды. 19 810 науқас емделіп жатыр (17 244+ және 2566 КВИ-). Оның ішінде 307 науқастың жағдайы ауыр, 71 науқастың жағдайы өте ауыр. 58 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.  
Вакцинаның бірінші компонентін 8 896 942 адам, екіншісін 8 359 534 адам алды.
Өңірлердегі статистика:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 72,
  • Алматы қаласы - 27,
  • Ақмола облысы - 48,
  • Ақтөбе облысы - 1,
  • Алматы облысы - 3,
  • Атырау облысы - 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 13,
  • Жамбыл облысы - 5,
  • Батыс Қазақстан облысы - 7,
  • Қарағанды облысы - 87,
  • Қостанай облысы - 44,
  • Қызылорда облысы - 2,
  • Маңғыстау облысы - 1,
  • Павлодар облысы - 56,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 70.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0