https://sputnik.kz/20211219/Zhol-apaty-kz--zhedel-zhardem-18924104.html
Кезекшілікте көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің марапаты туыстарына табысталды
Кезекшілікте көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің марапаты туыстарына табысталды
Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдемнің жүргізушісі Бақытжан Маенов пен фельдшер Жадыра Омарованың төсбелгіcін туыстары алды 19.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-19T15:44+0500
2021-12-19T15:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0c79eb45315da4bbc9573d9d0f212596.jpg
ҚЫЗЫЛОРДА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қызылордаға "Денсаулық саласына дамытуға қосқан үлесі үшін" екі төсбелгісі жеткізілді. Оны тамыз айында кезекшілік кезінде қайтыс болған жедел жәрдемнің жүргізушісі Бақытжан Маенов пен фельдшер Жадыра Омарованың туыстарына табыстады. Екеуі де №5 емханада жұмыс істеген."Наградалар Омарова мен Маеновтың туыстарына табысталды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының мамандары.Еске сала кетсек, 29 тамыз күні таңғы сағат 05:46 шамасында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршам алдында тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соғылған. Жедел жәрдемнің екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Бірақ олар сол жерде көз жұмды.Тексеру кезінде "Toyota Land Crusier" жүргізушісі орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қоса, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы қараша айындағы шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.Қылмыстық кодекстің 346-бабы 6-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер) бойынша 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_937ec676ea224e4f359a3f44312c6915.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Кезекшілікте көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің марапаты туыстарына табысталды
15:44 19.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жедел жәрдемнің жүргізушісі Бақытжан Маенов пен фельдшер Жадыра Омарованың төсбелгіcін туыстары алды
ҚЫЗЫЛОРДА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қызылордаға "Денсаулық саласына дамытуға қосқан үлесі үшін" екі төсбелгісі жеткізілді. Оны тамыз айында кезекшілік кезінде қайтыс болған жедел жәрдемнің жүргізушісі Бақытжан Маенов пен фельдшер Жадыра Омарованың туыстарына табыстады. Екеуі де №5 емханада жұмыс істеген.
"Наградалар Омарова мен Маеновтың туыстарына табысталды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының мамандары.
Еске сала кетсек, 29 тамыз күні таңғы сағат 05:46 шамасында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршам алдында тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соғылған. Жедел жәрдемнің екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Бірақ олар сол жерде көз жұмды.
Тексеру кезінде "Toyota Land Crusier" жүргізушісі орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Оған қоса, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы қараша айындағы шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 346-бабы 6-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер) бойынша 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.