https://sputnik.kz/20211219/Zhana-Zelandiyada-temeki-sheguge-tyyym-salynady-18923763.html
Жаңа Зеландияда 2013 жылдан кейін туғандарға темекі шегуге тыйым салынады
Жаңа Зеландияда 2013 жылдан кейін туғандарға темекі шегуге тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Жаңа Зеландия "темекі шекпейтін ұрпақты" қалыптастыруға кірісті. 2073 жылға қарай 60 жасқа толған адам да темекі ала алмайды 19.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-19T13:44+0500
2021-12-19T13:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
темекі
жаңа зеландия
https://sputnik.kz/img/15/13/151394_0:220:2843:1827_1920x0_80_0_0_b449b1c1e74a698aba88712d08da5277.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Жаңа Зеландияда 2013 жылдан кейін туған азаматтарға темекі шегуге тыйым салынады, деп хабарлады "National Geographic Россия" порталы.Қазіргі кезде Жаңа Зеландияда 15 жастан асқан адамдардың 11,6 проценті темекі шегеді. Ал жергілікті маори халқының арасында шылым шегетіндердің саны 29 процентке жеткен. Арнайы заңның аясында біртіндеп темекіден толығымен бас тарту жоспарланып отыр. Осы құжат келесі жылы маусым айында парламентке енгізіліп, жыл соңында қабылданады.Оқи отырыңыз: Вейптің қаупі неде?Темекі шегуге қарсы іс-шаралар кезең-кезеңмен іске асырылады. 2024 жылдан бастап темекі сататын дүкендерді барынша азайту жоспарланған. Қазіргі 8 000 сауда орнының 500-і ғана қалады. 2025 жылқа қарай сатылатын темекіде никотин аз болады. Ал 2027 жылы темекіні мүлдем шекпейтін ұрпақты қалыптастыру жұмысы басталады. Сол кезде 14 жасқа келген, яғни 2013 жылы және одан кейін туған адамдарға темекі сатуға тыйым салынады. Себебі адам көп жағдайда жас кезінде темекіге әуес болып, артынан оған толығымен тәуелді болып қалады. Мәселен, Жаңа Зеландияда бес адамның төртеуі 18 жаста, ал қалғандарының бәрі 25 жасқа қарай темекі шеге бастайды. Заң бойынша қатаң шектеу өмір бойы сақталады. Бұл дегеніміз, 2073 жылға қарай 60 жасқа толған адам да темекі ала алмайды. Ал одан бір жас үлкен тұрғындар бұл шектеуге ілінбейді. Бірақ ондай адамдар да уақыт өте келе азаяды. Осылайша Жаңа Зеландия "темекі шекпейтін ұрпақты" қалыптастыра алады.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде осы елде жыл сайын 5 000 адам темекіден қайтыс болып жатады.
жаңа зеландия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/15/13/151394_0:130:2843:1917_1920x0_80_0_0_7e9b80eb7ac9e9660991e6d60b2209f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі, жаңа зеландия
Жаңа Зеландияда 2013 жылдан кейін туғандарға темекі шегуге тыйым салынады
13:44 19.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаңа Зеландия "темекі шекпейтін ұрпақты" қалыптастыруға кірісті. 2073 жылға қарай 60 жасқа толған адам да темекі ала алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Жаңа Зеландияда 2013 жылдан кейін туған азаматтарға темекі шегуге тыйым салынады, деп хабарлады
"National Geographic Россия" порталы.
Қазіргі кезде Жаңа Зеландияда 15 жастан асқан адамдардың 11,6 проценті темекі шегеді. Ал жергілікті маори халқының арасында шылым шегетіндердің саны 29 процентке жеткен. Арнайы заңның аясында біртіндеп темекіден толығымен бас тарту жоспарланып отыр. Осы құжат келесі жылы маусым айында парламентке енгізіліп, жыл соңында қабылданады.
Темекі шегуге қарсы іс-шаралар кезең-кезеңмен іске асырылады. 2024 жылдан бастап темекі сататын дүкендерді барынша азайту жоспарланған. Қазіргі 8 000 сауда орнының 500-і ғана қалады. 2025 жылқа қарай сатылатын темекіде никотин аз болады. Ал 2027 жылы темекіні мүлдем шекпейтін ұрпақты қалыптастыру жұмысы басталады. Сол кезде 14 жасқа келген, яғни 2013 жылы және одан кейін туған адамдарға темекі сатуға тыйым салынады. Себебі адам көп жағдайда жас кезінде темекіге әуес болып, артынан оған толығымен тәуелді болып қалады. Мәселен, Жаңа Зеландияда бес адамның төртеуі 18 жаста, ал қалғандарының бәрі 25 жасқа қарай темекі шеге бастайды.
"Біз жастардың темекі шегуді ешқашан бастамайтынына көз жеткізуіміз керек. Сол себепті болашақ ұрпаққа темекі сатуды қылмыс деп жариялаймыз", - дейді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Айеша Верралл.
Заң бойынша қатаң шектеу өмір бойы сақталады. Бұл дегеніміз, 2073 жылға қарай 60 жасқа толған адам да темекі ала алмайды. Ал одан бір жас үлкен тұрғындар бұл шектеуге ілінбейді. Бірақ ондай адамдар да уақыт өте келе азаяды. Осылайша Жаңа Зеландия "темекі шекпейтін ұрпақты" қалыптастыра алады.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде осы елде жыл сайын 5 000 адам темекіден қайтыс болып жатады.