Спорт

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды – видео

© Photo : из личного архиваДанияр Елеусинов
Данияр Елеусинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Жартылай орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жек он екі раундқа созылды
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпқой бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-1, 4 КО) жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жек он екі раундқа созылды: Елеусінов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.  
Айта кетейік, Данияр бұл жекпе-жекте айқын фаворит саналды және сарапшылардың көпшілігі оның нокаутпен жеңетінін болжаған болатын. Жекпе-жек кезінде Леал үш рет нокдаун алды.
Оқи отырыңыз: Батыр Жүкембаев мексикалық Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді - видео 
Осылайша Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Хуан Эрнан Леаль екінші рет жеңіліске ұшырады.
Жаңалықтар
0