Өңірлер

Ақтау базарында ешкімнен қорықпайтын ұрылар видеоға түсіп қалды

© Photo : Alicja Лук
Лук - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Қала тұрғыны базардан азық түлік сатып алып, бәрін жол жиегіне қалдырып, қоларба іздеп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда екі ер адам тапа-тал түсте үш қорап, бір қап азық-түлікті ұрлап кеткен. Олардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Лада" порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 желтоқсанда қала тұрғыны "РусКаз" базарына барып, азық-түлік сатып алған. Одан кейін бәрін жол жиегіне қалдырып, қоларба іздеп кеткен. Дәл сол кезде өтіп бара жатқан екі ер адам келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, ұрлық жасаған. Тіпті, екі рейс жасап үлгеріпті. Сөйтіп, екі қорап алма, бір қорап банан мен бір қап пиязды үптеп кеткен. Шығынның жалпы көлемі – 20 мың теңге. Тауар иесі полицияға арыз түсірді.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 187-бабында ұсақ-түйек ұрлыққа да жаза қарастырылған. Оған сәйкес, 802 АЕК-ке (283 360 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қолданылады.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы әшкере болды - видео 
Жаңалықтар
0