Оқиға

Ақтауда жаңа тұрғын үй кешені отқа оранды - видео

© Photo : кадр из видеоПожар в Актау
Пожар в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған фото мен видеоға қарағанда тілсіз жау жоғарғы қабаттар мен шатырды шарпыған
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласындағы "Флоренция" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттары мен шатыры отқа оранды. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушелері аттанды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, бүгін шамамен 14:30-да жаңадан салынған тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Әлеуметтік желіде тараған фото мен видеоға қарағанда тілсіз жау жоғарғы қабаттар мен шатырды шарпыған, деп хабарлады lada.kz порталы.
Оқиға орнына өрт сөндірушілердің бірнеше тобы аттанды. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпарат бойынша "Флоренцияның" жоғарғы 17-ші қабаты (мансард) өртенді. Ағаш конструкциялар отқа оранған.    
"Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуымен 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 20 бала бар. Оқиға орнына психологтар тобы да барды. Олар үйдің тұрғындарымен жұмыс жасап жатыр", - дейді құтқарушылар.
Тілсіз жау 500 шаршы метрді шарпыды. Жарақат алған және қайтыс болған адамдар жоқ. Өрт сөндіруге 80 маман мен 17 техника тартылды. Ал ұлттық ұлан сарбаздары оқиға орнын қоршауға алды.
Жаңалықтар
0