https://sputnik.kz/20211218/ukimet-azyk-tuluk-arzan-18920880.html
Өңірлерде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады - үкімет
Өңірлерде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады - үкімет
Sputnik Қазақстан
Республиканың барлық құс фабрикасында тауық жұмыртқасының бағасы 16%-ке төмендеді 18.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-18T13:02+0500
2021-12-18T13:02+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
азық-түлік
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_65119a79be18bad37058f8e0c4849a99.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Бір апта ішінде Қазақстанның бірқатар өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин үкіметтік цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік орган басшылары және облыс әкімдерінің қатысуымен жиын өткізді.Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,1%-ке арзандағаны тіркелді.Мәселен, Түркістан облысында 0,6%-ке, Нұр-Сұлтанда 0,3%-ке, Шымкент пен Маңғыстау облысында 0,2%-ке, Алматы мен Қарағанды облысында 0,1%-ке баға төмендегені байқалды.Сонымен қатар, жалпы республика бойынша көкөніс өнімдерінің бағасы арзандауы жалғасып жатыр. Басқа өнім бағасы тұрақты.Бүгінгі күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне 113 хабарлама жолдап, 16 тексеру жүргізді. Сонымен қатар тауар өндірушілермен, жаппай жеткізушілер және бөлшек сауда желілерімен тауарға үстеме бағаны 15-тен 10%-ке дейін төмендету туралы монополияға қарсы 192 келісім актісі жасалды. Тауар бағасын асыру бойынша 75 факті анықталды.Сондай-ақ, 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республиканың барлық құс фабрикасында тауық жұмыртқасының бағасын 16%-ке, яғни бір данасы үшін 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін төмендеткен.Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралды пайдалып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_4fdba8ee7754f2e1a4888c13f5f5273b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, үкімет
Өңірлерде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады - үкімет
13:02 18.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Республиканың барлық құс фабрикасында тауық жұмыртқасының бағасы 16%-ке төмендеді
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Бір апта ішінде Қазақстанның бірқатар өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин үкіметтік цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік орган басшылары және облыс әкімдерінің қатысуымен жиын өткізді.
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,1%-ке арзандағаны тіркелді.
Мәселен, Түркістан облысында 0,6%-ке, Нұр-Сұлтанда 0,3%-ке, Шымкент пен Маңғыстау облысында 0,2%-ке, Алматы мен Қарағанды облысында 0,1%-ке баға төмендегені байқалды.
Сонымен қатар, жалпы республика бойынша көкөніс өнімдерінің бағасы арзандауы жалғасып жатыр. Басқа өнім бағасы тұрақты.
Осы жылы 769,3 мың тонна өнімге, оның ішінде 684 мың тонна жұмсақ бидайға келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта 559 мың тонна немесе келісімшартпен көзделген көлемнің 72,7%-і жеткізілді.
Бүгінгі күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне 113 хабарлама жолдап, 16 тексеру жүргізді. Сонымен қатар тауар өндірушілермен, жаппай жеткізушілер және бөлшек сауда желілерімен тауарға үстеме бағаны 15-тен 10%-ке дейін төмендету туралы монополияға қарсы 192 келісім актісі жасалды. Тауар бағасын асыру бойынша 75 факті анықталды.
Сондай-ақ, 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республиканың барлық құс фабрикасында тауық жұмыртқасының бағасын 16%-ке, яғни бір данасы үшін 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін төмендеткен.
Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралды пайдалып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.