Оқиға

Жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды

© Sputnik / Сергей Титов / Медиабанкке өтуРазбитое стекло автобуса, иллюстративное фото
Разбитое стекло автобуса, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Жазылу
Полицияда хабарлағандай, автобус жүргізушісі дер кезінде тежегішті баспай, соның салдарынан тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысының тас жолында 12 адам мінген вахта автобусы КамАЗ-бен соқтығысты. Жол апатынан екі адам мерт болды.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өліміне алып келген жол апаты 17 желтоқсанда, сағат 18:45-те,  Темір қаласына жақын маңда, Покровка – Жаңажол тас жолында болғанын хабарлады.
"Мұнай компаниясына тиесілі ПАЗ маркалы автокөліктің (салонда 12 адам болған) елу тоғыз жастағы жүргізушісі Покровка – Жаңажол автожолының 13-километрінде қозғалысқа қауіп пен кедергі келтіретін жағдай туындаған сәтте жылдамдықты бәсеңдетпей, жол жиегінде тұрған жартылай тіркемесі бар КамАЗ автокөлігіне соғылды", - деп жазылған полиция ұсынған ақпаратта.
Жол апатынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Қандыағаш орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0