Видео

"Елорда өз шамдарын жағады!": циркте мерекелік қойылым өтті – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Елорда өз шамдарын жағады!" мерекелік қойылым өтті
"Астаналық цирк Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қойылым қойды. Біз көрермендер үшін керемет шоу көрсеттік деп ойлаймын, өйткені олардың жүзінен қуанышты байқадық", – деді Астаналық цирк әртісі Жұмат Жанмырзаев.
Қайырымдылық шарасы аясында балалар цирк әртістерінің, соның ішінде әуе гимнастары мен акробаттардың, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздар мен клоундардың өнерін тамашалады. Айта кетейік, мерекелік іс-шараға ата-анасынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ сал ауруымен ауыратын балалар қатысты.
"Біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды шақырдық. Оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді. Бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын", – деді Астаналық цирк режиссері, әртіс Әйгерім Тілегенова.
Мерекелік іс-шара балаларға қуаныш сыйлады. Өз кезегінде цирк әртістері балалардың есінде ұмытылмас сәттерді қалдыру үшін мүмкіндіктің бәрін жасады.
"Бүгін жұбайыммен және баламмен циркке келдік. Бізге қатты ұнады. Барша қазақстандықты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын!", – деді қала тұрғыны Ерғали Закарянов.
Жаңалықтар
0