Қоғам

Алматыда қаржы пирамидасының екі жетекшісі ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Жазылу
Mudaraban capital компаниясының басшылары мен олардың сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Алматы полициясы Mudaraban capital компаниясының тағы екі қызметкерін қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Алматы полициясы басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов хабарлады.
Оның айтуынша, ұсталғандар - компанияның 33 жастағы құрылтайшысы мен 38 жастағы Mudaraban capital басқарма төрағасы.
"Екеуі де ұсталды және Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы полициясы басшысының орынбасары.

Тағы бір компания пирамида деп танылды

Қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Astex.kz ЖШС мен ACD technology ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі Алматы полиция департаменті осы жылдың қазанында азаматтардың ұжымдық арызы бойынша тіркеді.
2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін ЖШС-ның лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражатты тарту бойынша жеке және заңды тұлғалармен бірлескен қызмет туралы келісімшарт жасағаны анықталды.
Екі жақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр ай сайын әрбір салымшыға салған салым сомасының 20%-ін төлеуі қажет болатын. 162 салымшының 2 миллиард теңге көлеміндегі қаражаты Astex.kz ЖШС-ға басқа компания - Mudaraban capital ұйымынан түскен.
Осы қылмысты іске асырды деген айыппен сегіз күдікті анықталды. Сот санкциясымен оның ішінде алты азамат қамауға алынды, біреуіне іздеу жарияланды және тағы біреуі үйқамақта отыр.
Жаңалықтар
0