Таңдай қақтырған Түрген шатқалының қыстағы келбеті – таңғажайып суреттер
17:05 17.12.2021 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Алматы облысындағы Түрген шатқалы – саф ауаның мекені. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11 шақырым жерде орналасқан шатқалдан қысы-жазы адам аяғы үзілмейді
Түрген шатқалы Іле Алатауының басты жотасының теріскей бөктерлерінен басталып 49 шақырымдай созылып жатыр. Шатқалдың солтүстік-шығыс шекарасы Сарытау жотасынан басталып, қырқалар арқылы Асы үстіртіне дейін жалғасады.
Түргенде барлығы жеті сарқырама бар. Ішінде "Аюлы" және "Қайрақты" сарқырамасы ең биігі саналады.
Қыста Түрген шатқалы ертегідегідей әдемі кейіпке енеді. Sputnik Қазақстан фототілшісі Тимур Батыршин табиғат сұлулығын суректе түсіріп қайтты. Толығырақ фотолентадан көріңіз.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы облысындағы Түрген шатқалы – саф ауаның мекені. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11 шақырым жерде орналасқан шатқалдан қысы-жазы адам аясы үзілмейді.
1/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысындағы Түрген шатқалы – саф ауаның мекені. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11 шақырым жерде орналасқан шатқалдан қысы-жазы адам аясы үзілмейді.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалы Іле Алатауының басты жотасының теріскей бөктерлерінен басталып 49 шақырымдай созылып жатыр. Шатқалдың солтүстік-шығыс шекарасы Сарытау жотасынан басталып, қырқалар арқылы Асы үстіртіне дейін жалғасады.
2/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалы Іле Алатауының басты жотасының теріскей бөктерлерінен басталып 49 шақырымдай созылып жатыр. Шатқалдың солтүстік-шығыс шекарасы Сарытау жотасынан басталып, қырқалар арқылы Асы үстіртіне дейін жалғасады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалының қысы да ерекше. Ағаштар аппақ түске боялып, табиғат бір сәт тынышталады.
3/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалының қысы да ерекше. Ағаштар аппақ түске боялып, табиғат бір сәт тынышталады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалында түрлі ағаштар өседі, арасында құрғақшылыққа төзімді Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, жабайы өріктер жиі кездеседі. Одан бөлек қайың мен терек, қылқанжапырақтылардың түрлері де бар.
4/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалында түрлі ағаштар өседі, арасында құрғақшылыққа төзімді Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, жабайы өріктер жиі кездеседі. Одан бөлек қайың мен терек, қылқанжапырақтылардың түрлері де бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖануарлардан Түрген шатқалында қоян, борсық, тиын, қабан, тауешкі, қасқыр, аю және жылан мен құстың түрлерін кездестіруге болады.
5/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жануарлардан Түрген шатқалында қоян, борсық, тиын, қабан, тауешкі, қасқыр, аю және жылан мен құстың түрлерін кездестіруге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалында Түрген өзені бар. Іле Алатауының мұздықтарынан бастау алатын екі ірі – Шың Түрген және Кіші Түрген өзендерінің түйіскен жерінен басталатын Түрген өзені шатқал бойымен ағып өтеді. Өзенге шатқалдың ортаңғы бөлігінде оң жағынан атауы жоқ бір тармақ келіп құяды, онда "Аюлы" сарқырамасы орналасқан, ал одан төменірек сол жағында Теріскенсу өзенінің тармағы қосылады.
6/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалында Түрген өзені бар. Іле Алатауының мұздықтарынан бастау алатын екі ірі – Шың Түрген және Кіші Түрген өзендерінің түйіскен жерінен басталатын Түрген өзені шатқал бойымен ағып өтеді. Өзенге шатқалдың ортаңғы бөлігінде оң жағынан атауы жоқ бір тармақ келіп құяды, онда "Аюлы" сарқырамасы орналасқан, ал одан төменірек сол жағында Теріскенсу өзенінің тармағы қосылады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалына жеңіл көлікпен Алматыдан 2-3 сағатта жетуге болады.
7/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалына жеңіл көлікпен Алматыдан 2-3 сағатта жетуге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалына экскурсия кезінде жылқыға мініп, шатқалдың кең байтақ жерін аралауға мүмкіндік бар. Туристер мен қала тұрғындарына керек барлық жағдай жасалған.
8/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалына экскурсия кезінде жылқыға мініп, шатқалдың кең байтақ жерін аралауға мүмкіндік бар. Туристер мен қала тұрғындарына керек барлық жағдай жасалған.
© Sputnik / Тимур БатыршинАуа температурасына келер болсақ, мұнда Алматыға қарағанда салқын болады. Мысалы, 17 желтоқсанда Алматыда атүнде ауа температурасы -4 градус болса, Түргенде -8 градусқа жетеді.
9/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ауа температурасына келер болсақ, мұнда Алматыға қарағанда салқын болады. Мысалы, 17 желтоқсанда Алматыда атүнде ауа температурасы -4 градус болса, Түргенде -8 градусқа жетеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүрген шатқалы тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер. Іле Алатауынан бастау алатын Түрген өзенінің ағысы қатты, орташа ағу жылдамдығы 3 м/с. Өзеннің жағалауын қаулай Тянь-Шань шыршасы өседі.
10/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрген шатқалы тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер. Іле Алатауынан бастау алатын Түрген өзенінің ағысы қатты, орташа ағу жылдамдығы 3 м/с. Өзеннің жағалауын қаулай Тянь-Шань шыршасы өседі.
© Sputnik / Тимур БатыршинТүргенде барлығы жеті сарқырама бар. Ішінде "Аюлы" және "Қайрақты" сарқырамасы ең биігі саналады.
11/11
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түргенде барлығы жеті сарқырама бар. Ішінде "Аюлы" және "Қайрақты" сарқырамасы ең биігі саналады.