https://sputnik.kz/20211217/Nur-Sultanda-pater-video-18918667.html
Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам үлескер пәтер кілтін алды – видео
Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам үлескер пәтер кілтін алды – видео
Sputnik Қазақстан
Биыл елорада құрылысы көп жылға созылған барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп көзделіп отыр 17.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-17T18:49+0500
2021-12-17T18:49+0500
2022-02-02T09:48+0500
елорда тынысы
үлескерлер
видео
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған "Шығыс" тұрғын үйі аяқталып жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы."Шығыс" тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерінде тұрып жатыр. Құжаттарды рәсімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қазір "Шығыс" тұрғын үй кешенінің екінші және үшінші кезегін күтіп қалған 1 047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілт беріліп жатыр."Шығыс" тұрғын үй кешенінің қалған 1 058 үлескерінің мәселесін екінші деңгейлі банк және инвестормен "қоныс аудару" жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Мәселен, 4, 5-кезек және 2Б үлескерлері, сондай-ақ "Жағалау-4" ТК 1-полигон, 2-полигон дайын тұрған "Шығыс" ТК 3А және 3Б нысанына көшіріледі.2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады.2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша іс-шара жоспары бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үлескерлер
Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам үлескер пәтер кілтін алды – видео
18:49 17.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Биыл елорада құрылысы көп жылға созылған барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп көзделіп отыр
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған "Шығыс" тұрғын үйі аяқталып жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы.
"Шығыс" тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерінде тұрып жатыр. Құжаттарды рәсімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің
ресми сайты.Қазір "Шығыс" тұрғын үй кешенінің екінші және үшінші кезегін күтіп қалған 1 047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілт беріліп жатыр.
"Бүгін бізде қос мереке. Сегіз жылдан бері күткен пәтерімізді ақыры алдық. Бұл – мемлекеттің үлкен еңбегінің нәтижесі", - деді Ермұхамет.
"Шығыс" тұрғын үй кешенінің қалған 1 058 үлескерінің мәселесін екінші деңгейлі банк және инвестормен "қоныс аудару" жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Мәселен, 4, 5-кезек және 2Б үлескерлері, сондай-ақ "Жағалау-4" ТК 1-полигон, 2-полигон дайын тұрған "Шығыс" ТК 3А және 3Б нысанына көшіріледі.
2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады.
2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша іс-шара жоспары бар.