https://sputnik.kz/20211217/Nur-Sultan-zharmenke-video-18916282.html
Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылды – видео
Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылды – видео
Sputnik Қазақстан
Тәуелсіздік күні елорданың Пригородный елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды 17.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-17T11:01+0500
2021-12-17T11:01+0500
2023-08-09T12:22+0500
мультимедиа
видео
жәрмеңке
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/11/18916222_0:0:2760:1561_1920x0_80_0_0_46051b23de3cb9bea28afcb0649b7f9e.png
Ауданы 7 мың шаршы метр болатын жылы орында елорданың, сондай-ақ өзге өңірлердің тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады. Азық-түлік нарық құнынан төмен бағамен сатылады.Демалыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін жұрт жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елордалық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты."Мұнда бәрі өте жақсы ұйымдастырылған, базар іші жылы әрі жайлы, келушілер көп", – деп атап өтті елордалық Нұржамал Тұранова.Пригородный елді мекенінің тұрғыны Гүлсім Қонарова жәрмеңкеге ет сатып алуға келді, айтуынша бағасы өте қолайлы.Бағалар расымен арзан. Мұнда сиыр етінің килограмы 2000 теңгеден, жылқы еті 2200 теңгеден, қазы, жая 2500 теңгеден сатылады."Біз көкөніс өсіреміз. Жәрмеңке туралы естіген бетте бірден өтініш бердік, енді өз өнімдерімізді осында шығарып отырамыз. Бізде көкөністің 18 түрі бар, бәрі жаңа піскен және бағалары да қолайлы", – деді сатушы Рүстем.Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрі – сүт, бакалея, шұжық, ұн, жаңа ауланған балық және тағы басқа өнімдер сатылады.Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер бетперде тағуы, қол гигиенасын, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекенжайда өтеді: Пригородный елдімекені, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/11/18916222_0:0:2702:1699_1920x0_80_0_0_5130303dcccde7765d2ef9534c75ab88.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, жәрмеңке, астана
мультимедиа, жәрмеңке, астана
Нұр-Сұлтанда жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылды – видео
11:01 17.12.2021 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Тәуелсіздік күні елорданың Пригородный елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды
Ауданы 7 мың шаршы метр болатын жылы орында елорданың, сондай-ақ өзге өңірлердің тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады. Азық-түлік нарық құнынан төмен бағамен сатылады.
Демалыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін жұрт жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елордалық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Мұнда бәрі өте жақсы ұйымдастырылған, базар іші жылы әрі жайлы, келушілер көп", – деп атап өтті елордалық Нұржамал Тұранова.
Пригородный елді мекенінің тұрғыны Гүлсім Қонарова жәрмеңкеге ет сатып алуға келді, айтуынша бағасы өте қолайлы.
"Мен ет алуға келдім. Мұнда ет арзан, базар іші өте жақсы, мұнда жиі келуге болады. Қажетті өнімнің бәрі арзан", – деді ол.
Бағалар расымен арзан. Мұнда сиыр етінің килограмы 2000 теңгеден, жылқы еті 2200 теңгеден, қазы, жая 2500 теңгеден сатылады.
"Біз көкөніс өсіреміз. Жәрмеңке туралы естіген бетте бірден өтініш бердік, енді өз өнімдерімізді осында шығарып отырамыз. Бізде көкөністің 18 түрі бар, бәрі жаңа піскен және бағалары да қолайлы", – деді сатушы Рүстем.
Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрі – сүт, бакалея, шұжық, ұн, жаңа ауланған балық және тағы басқа өнімдер сатылады.
Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер бетперде тағуы, қол гигиенасын, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекенжайда өтеді: Пригородный елдімекені, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.