Әлем

Германияда неміс тілінде жаңа RT DE телеарнасы хабар тарата бастады

© RTШтефан Поллак, ведущий RT DE
Штефан Поллак, ведущий RT DE - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Жазылу
Хабар Еуропаға таралады, оның ішіне неміс тілді аудиториясы үлкен Германия, Австрия және Швейцария елдері кіреді
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. RT неміс тілінде тәулік бойы жаңалықтар тарататын жаңа RT DE телеарнасын іске қосты. Телеарнаның жаңалықтар студиясы Мәскеу мен Берлинде орналасқан. RT DE тікелей эфирде жаңалықтар, ток-шоу мен деректі фильмдерді трансляциялайды.
"Германияда бізге қарсы жүріп жатқан күресті әлемнің бірде бір елінен көрген жоқпыз. Бірақ, соған қарамастан неміс аудиториясы ризашылығы мол халық болып шықты. Бұған RT DE арнасы іске қоспай тұрған кезде қол жеткізген сайт пен әлеуметтік желілердегі көрсеткіштер дәлел. Біз неміс тіліндегі көрермендеріміздің көңілін қалдырмас үшін аянып қалмаймыз", - деді RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян.
Хабар Еуропаға таралады, оның ішіне неміс тілді аудиториясы үлкен Германия, Австрия және Швейцария елдері кіреді.
© RT . NIKITA LUENNEMANNЖурналист Томас Фасбендер
Ведущий RT DE Томас Фасбендер - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Журналист Томас Фасбендер
Телеарна эфирінде белгілі неміс журналисі Томас Фасбендермен Fasbenders Woche ("Фасбендер аптасы") сараптамалық бағдарламасы, жүргізуші Цукаина Груномен Kartoffelmus ("Картоп пюресі") кулинарлық-саяси шоуы, сондай-ақ басқа ток-шоулар мен деректі фильмдер жарыққа шығады. Бұған дейін RT DE командасына танымал неміс медиаменеджері, продюсер және жазушы Оливер Брендель қосылды.
"Біз Германияда RT-ға қызығушылық өсіп жатқанына куәміз және біздің контентті тек оқып, тыңдап қана емес, көруге де болатынына қуаныштымыз. Біздің көрерменге бүгінгі Ресейдің тыныс-тіршілігі қызық", - деді RT DE басшысы Динара Токтосунова.

Германияда танымалдығы жағынан RT Bild пен Spiegel-ді басып озады

RT неміс тілінде 2014 жылы онлайн және әлеуметтік желілерде іске қосылды. Бүгінде RT DE соңғы он екі айда Facebook-тегі өзара әрекеттестік саны бойынша неміс тілді БАҚ арасында топ жарады. Bild, Spiegel, ZDF, Tagesschau секілді басылымдарды басып озды (Crowdtangle деректері).
RT DE Facebook-тегі парақшасы "Жаңалықтар және саясат" категориясында видео қаралымы бойынша неміс тілді БАҚ-тың үздік бестігіне кіреді. Spiegel TV, Zeit Online және Focus Online (Tubular Labs деректері) басылымдарын артта қалдырды.
© RT . NIKITA LUENNEMANNRT DE телеарнасының студиясы
Студия RT DE - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
RT DE телеарнасының студиясы
RT (RT.com) телеарнасының сайты Германиядан кіретіндер саны жағынан Deutsche Welle (DW.com) сайтын басып озды (SimilarWeb деректері).
Неміс билігі мен БАҚ Германияда RT DE телеарнасының қосылуына қарсы шығып, түрлі шабуыл жасады. ІІМ-нің 2020 жылғы неміс қарсы барлау жұмысы туралы баяндамасында RT "Тыңшылық және өзге де барлау қызметі" бөлімінде аталды. Бундестагтың сол кездегі басшысы Вольфганг Шойбле: "Russia Today телеарнасының көмегімен Мәскеу мақсатты түрде түбі орыс немістердің санасын бұрмалауға тырысып жатыр" деді. Rheinische Post: "Ресейдің Германиядағы медиа қуаты артуда. Шығыс Еуропа жөніндегі сарапшы Сюзанна Шпан жүргізген бағалауға сүйенсек, RT DE қараша айының басында Facebook-тегі жазылушылар саны жағынан Deutsche Welle-ден асып кетті".

RT-ға жасалған шабуыл

2021 жылы тамызда Люксембург тарапы RT DE арнасына хабар таратуға лицензияға алуға ресми түрде рұқсат беруден бас тартты. Олар "неміс билігінің ақпараты мен талдауын" желеу еткен. Қыркүйекте YouTube "қоғамдастық ережелерін бұзғаны үшін" қалпына келтіру құқығынсыз RT DE екі каналын жойып тастады. Ал RT DE неміс тілді БАҚ арасында ықпал ету жағынан төртінші орында тұрған еді.
RT — әлемнің 100 елінде хабар тарататын тоғыз телеарна, алты тілдегі онлайн порталдар, сондай-ақ RUPTLY халықаралық видео агенттігі. Әр апта сайын 47 елде RT телеарнасын 100 млн адам тамашалайды (халықаралық IPSOS компаниясының зерттеуі). RT жаңалықтар телеарналары арасынан әлемде алғаш болып YouTube-тегі 10 млрд қаралым межесін еңсерді. Осылайша BBC, CNN, Al Jazeera, Euronews және Fox News басып озды. RT он бір рет телевизия саласындағы ең беделді Emmy сыйлығының финалисі атанды.
RT — Монте-Карлода өткен Телевизия фестивалінде "Үздік 24 сағаттық жаңалықтар бағдарламасы" категориясында алтын иеленді.
Жаңалықтар
0