Қоғам

"Бірлігіміз бекем болсын": Димаш Құдайберген бейнеүндеу жолдады

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2021
Жазылу
Ол қазақстандықтарға ел дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіне табыс, барлық бастамасына сәттілік тіледі
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандастарын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Құрметті отандастар! Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – біздің басты мұратымыз. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін", - деді жас әнші бейнеүндеуінде.
Ол қазақстандықтарға ел дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіне табыс, барлық бастамасына сәттілік тіледі.
"Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай!", - деді Құдайберген.
Димаш Құдайберген – қазақстандық әнші, композитор және мультиинструменталист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Димаш Құдайберген Қытайда Singer телевизиялық шоуына қатысып, бүкіл әлемге танылды. Шоу Хунань ТВ телеарнасынан 2017 жылы трансляцияланған еді. Пандемиядан кейін әнші "әлемдік шоу бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін" Қытай сахнасына қайта оралды. Димаштың айтуынша, оған Қытайда, басқа да елдерде киноға түсу туралы ұсыныстар көп түседі.
Жаңалықтар
0