https://sputnik.kz/20211216/arnayu-operatsiya-qylmystyq-top-18912956.html
Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды
Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды 16.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-16T12:59+0500
2021-12-16T12:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
маңғыстау облысы
арнайы операция
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_0:0:2871:1615_1920x0_80_0_0_d87a6746c6b907f62eb520da2f199d0b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды.8 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті.Қала тұрғыны "Калашников" жауынгерлік автоматын сатып жатқан жерінен ұсталды. Бұған дейін ол "Макаров" тапаншасын сатқан, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.Қылмысқа қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерін тінту кезінде "Макаров" тапаншасы, 2 шолақ мылтық, оқ-дәрі, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі ("мефедрон", "апиын") тәркіленді.Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("қаруды заңсыз өткізу және сақтау") және 297-бабы ("есірткі заттарын заңсыз сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_8870b2772196d33311a3688ab42ef86d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, арнайы операция, қылмыстық топ
маңғыстау облысы, арнайы операция, қылмыстық топ
Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды
12:59 16.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды.
8 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті.
Қала тұрғыны "Калашников" жауынгерлік автоматын сатып жатқан жерінен ұсталды. Бұған дейін ол "Макаров" тапаншасын сатқан, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмысқа қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерін тінту кезінде "Макаров" тапаншасы, 2 шолақ мылтық, оқ-дәрі, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі ("мефедрон", "апиын") тәркіленді.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("қаруды заңсыз өткізу және сақтау") және 297-бабы ("есірткі заттарын заңсыз сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.