Видео

Солтүстік Қазақстан полициясы Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады – видео

Жазылу
Солтүстік Қазақстанның полиция департаментінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар шара өтті. Соның бірі – полиция автокөліктерінің салтанатты сап түзеуі
Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады.
Кезекшілікке шыққан патрульдік полиция экипаждары салтанатты түрде сап түзеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда 17 автопатруль қоғамдық тәртіпті күзетеді. Қала сыртындағы тас жолдарға 15 экипаждың қызметкерлері шығады.
Патрульдік полиция автокөліктері "30" санын бейнеледі. Кейін өз қызметіне кірісті.
"Еліміздегі мұндай маңызды оқиғаның куәсі болу – мен үшін үлкен бақыт. Ең бастысы, тыныштық пен тұрақтылық болсын. Қазақстанның әр азаматы бұған өз үлесін қосады деген ойдамын", деді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Мадияр Жанболсынов.
Бүгін Қазақстанның тәуелсіздік алғанына – 30 жыл. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз ел ретінде өзінің жаңа тарихына қадам басты.
Биыл елдің басты ұлттық мерекесіне орай қазақстандықтар қатарынан төрт күн – 16, 17, 18 және 19-ы демалады.
Жаңалықтар
0