https://sputnik.kz/20211215/orman-sharuashylygy-inspektory-18909364.html
Орман шаруашылығы инспекторының өлімі: полиция бір күдіктіні ұстады
Орман шаруашылығы инспекторының өлімі: полиция бір күдіктіні ұстады
Sputnik Қазақстан
Әзірге полиция оқ ату аңшылық кезінде болған деген нұсқаны ұстанып отыр 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T18:38+0500
2021-12-15T18:38+0500
2023-08-09T09:47+0500
қоғам
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
полиция
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовтың өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екінші тұлға куәгер ретінде алынды.Әзірге полиция оқ ату аңшылық кезінде болған деген нұсқаны ұстанып отыр. Ал инспекциядағылар Серік Мәженовтың аңшылық жасады дегеніне сенбейді."Оның аңшылық жасады дегені қисынсыз. Ол броконьерлердің жолын кеспек болған деген ойдамыз. Оның жанында қызметтік қаруы болған", - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Кадешев.Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді."14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды", – деп хабарлады министрлік.Серік Мәженовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат желіде пайда болған еді. Ондағы мәлімет бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған.Оқи отырыңыз:
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, полиция, батыс қазақстан облысы
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, полиция, батыс қазақстан облысы
Орман шаруашылығы инспекторының өлімі: полиция бір күдіктіні ұстады
18:38 15.12.2021 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Әзірге полиция оқ ату аңшылық кезінде болған деген нұсқаны ұстанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовтың өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екінші тұлға куәгер ретінде алынды.
"Күдікті біреу. Тергеу әрқайсының рөлін анықтайтын болады. Cот алдындағы тергеу аясында тексерулер жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге полиция оқ ату аңшылық кезінде болған деген нұсқаны ұстанып отыр. Ал инспекциядағылар Серік Мәженовтың аңшылық жасады дегеніне сенбейді.
"Оның аңшылық жасады дегені қисынсыз. Ол броконьерлердің жолын кеспек болған деген ойдамыз. Оның жанында қызметтік қаруы болған", - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Кадешев.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды", – деп хабарлады министрлік.
Серік Мәженовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат желіде пайда болған еді. Ондағы мәлімет бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған.