https://sputnik.kz/20211215/onzhyldyk-gasyr-memleket-basshysy-18907500.html
Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр – мемлекет басшысы
Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр – мемлекет басшысы
Sputnik Қазақстан
Тоқаев тәуелсіздік алған жылдарды үш кезеңге бөліп, әр кезеңдегі айтулы оқиғаларға тоқталды 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T16:00+0500
2021-12-15T16:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1083/40/10834057_0:46:2048:1204_1920x0_80_0_0_b07077a7820804599e26d1b1e5fa66ad.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жылдағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Тәуелсіздіктің 30 жылы – біз үшін тұтас дәуірге бергісіз мерзім. Оны үш белеске бөліп қарастыруға болады. Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы онжылдық – жаңа Қазақстанның негізін қалау кезеңі. Осы жылдарда мемлекеттік нышандарымыз белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты", - деді мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.Тоқаев тәуелсіздік алған жылдарды үш кезеңге бөліп, әр кезеңдегі айтулы оқиғаларға тоқталды.Ол бірінші кезеңде төл теңгеміз айналымға қосылып, айбынды армиямыз құрылғанын айтты. "Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық жобаға бастама көтердік. Елге қомақты инвестиция әкелдік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейінгі стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік, деді президент.Сондай-ақ "Рухани жаңғыру" арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қолға алынғанын айтты."Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды", - деді Тоқаев.Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны жалғастыра беремі, деп түйіндеді президент.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1083/40/10834057_0:0:2048:1289_1920x0_80_0_0_ef2306fcd4d9c3d2ce2cfcc873fd9eab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр – мемлекет басшысы
16:00 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаев тәуелсіздік алған жылдарды үш кезеңге бөліп, әр кезеңдегі айтулы оқиғаларға тоқталды
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жылдағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Тәуелсіздіктің 30 жылы – біз үшін тұтас дәуірге бергісіз мерзім. Оны үш белеске бөліп қарастыруға болады. Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы онжылдық – жаңа Қазақстанның негізін қалау кезеңі. Осы жылдарда мемлекеттік нышандарымыз белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты", - деді мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.
Тоқаев тәуелсіздік алған жылдарды үш кезеңге бөліп, әр кезеңдегі айтулы оқиғаларға тоқталды.
Ол бірінші кезеңде төл теңгеміз айналымға қосылып, айбынды армиямыз құрылғанын айтты.
"Ата заңымыз қабылданды. Ана тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ата дініміз оралып, салт-дәстүріміз жаңғыртылды. Бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Стратегиялық даму бағдарымыз айқындалды. Шекара мәселесін заң тұрғысынан шегендеу үрдісі басталды. Қасиетті жеріміз атом қаруынан тазартылды. Елордамыз Есілдің бойына көшірілді", - деді мемлекет басшысы.
"Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі. Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық жобаға бастама көтердік. Елге қомақты инвестиция әкелдік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі. Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейінгі стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды межеледік, деді президент.
Сондай-ақ "Рухани жаңғыру" арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қолға алынғанын айтты.
"Тұтас түркінің алтын бесігі атанған Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды", - деді Тоқаев.
Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны жалғастыра беремі, деп түйіндеді президент.