Қоғам

Дененің көгеруі нені білдіреді – дәрігер жауабы

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуГлавврач ГКБ им. Жадкевича Александр Мясников
Главврач ГКБ им. Жадкевича Александр Мясников - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
АҚШ-тағы Майо клиникасының дәрігерлері бауырдың зақымдануына әкелетін факторларды анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников дененің көгеруі бауыр ауруының белгісі болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы дәрігер "Россия 1" телеарнасының эфирінде хабарлады.
"Іс жүзінде бауыр жеткіліксіздігінің алғашқы симптомы -  қан ұюының бұзылуы. Өйткені бауырда барлық негізгі ұйығыштық факторлары синтезделеді", - деп түсіндірді Мясников.
Ол егер коагуляция параметрлері нашарласа, бауыр аурулары туралы айтуға болатынын атап өтті. Басқаша айтқанда, мұндай диагноз кезінде көгеру пайда болуы мүмкін, деп қорытындылады дәрігер.
АҚШ-тағы Майо клиникасының дәрігерлері бауырдың зақымдануына әкелетін факторларды анықтады.
Олардың арасында алкоголь мен аэрозольдерден алынған химиялық заттар бар. Олар тыныс алу кезінде денеге енеді. Сонымен қатар, сарапшылар пестицидтердің ағзаға түсуіне жол бермеу үшін жемістер мен көкөністерді мұқият жууды ұсынады.
Жаңалықтар
0