Денсаулық

Дәрігер коронавирус миға қалай әсер ететінін айтты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото ученых в лабораториии
Архивное фото ученых  в лабораториии - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Коронавируспен ауырғандардың бойында ашушаңдық пен ұмытшақтың ұзақ уақыт сақталуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Коронавирус адам миына жағымсыз әсер етеді, деп мәлімдеді Ресей денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры Зураб Кекелидзе.
Дәрігердің айтуынша, науқас бастапқы уақытта инфекцияның ауыр салдарын байқамайды.
Коронавируспен ауырғандардың барлығына тән симптомдар қатарында сөздерді ұмытып қалып, ішінара есін жоғалту, сондай-ақ, ашушаңдық бар.
Психиатр қарқынды жаттығуды бастағаннан кейін ентігу пайда болған кейбір спортшыларды еске салды. Ауру жұқтырғанға дейін мұндай жағдай байқалмаған, деп жазды РИА Новости.
Кекелидзе коронавирус жұқтырған кезде жүйке тінін қанда айналып жүретін микроағзалар мен токсиндерден қорғайтын гематоэнцефалиялық тосқауыл бұзылатынын айтты.
Біраз бұрын мазасыздық та коронавирустың ең көп таралған салдары екені айтылды.
Жаппай мазасыздық сезімі – күнделікті өмірге қатысты тұрақты, шамадан тыс алаңдаушылықты сипаттайтын ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаппай мазасыздық сезімі адамның еңбекке қабілеттілігін жоғалтуының әлемдегі алтыншы себебі болып отыр. Әлемде 300 миллионнан астам адам осы ауруға шалдыққан.
Жаңалықтар
0