https://sputnik.kz/20211215/bayqonyr-kommunaldyq-qyzmet-18908660.html
Байқоңырда барлық коммуналдық қызмет бағасы өседі
Байқоңырда барлық коммуналдық қызмет бағасы өседі
Sputnik Қазақстан
2022 жылы қалада жарық, жылу, сумен жабдықтау және қатты коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін өсіру қарастырылған 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T17:22+0500
2021-12-15T17:22+0500
2023-08-10T16:07+0500
өңірлер
коммуналдық қызмет
баға
байқоңыр
https://sputnik.kz/img/114/87/1148717_0:306:3264:2142_1920x0_80_0_0_7a471f4f55a0769f1613e3f3265246c7.jpg
ҚЫЗЫЛОРДА, 15 желтоқсан — Sputnik. Байқоңыр қаласында жергілікті әкімшілік тұрғындарға барлық коммуналдық қызметтер тарифі көтерілетіні туралы хабарлады.Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясына жалға берілген. Мұнда коммуналдық қызметтерді ресейлік мекемелер жеткізеді. Тарифтер Ресей заңнамасына сәйкес қалыптасады."Қала әкімшілігі басшысының қаулысымен қаладағы коммуналдық қызметтер үшін төлем мөлшері өзгеруінің шекті индексі белгіленген. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 30 маусымына дейін тарифтер өзгермейді, қазіргі тарифтер қолданылады. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін 4%-ке өседі", - деп нақтылады Байқоңыр әкімшілігінде.Қалада электр энергиясына, жылу, ыстық және суық сумен жабдықтауға, су бұруға, қатты коммуналдық қалдықтарды тасымалдауға тарифтерді өсіру жоспарланып отыр.Айта кетері, қазірде Байқоңырдағы коммуналдық тарифтер, мысалы, Қызылордаға (Байқоңыр Қызылорда облысының аумағында орналасқан) қарағанда жоғары, ал кейбір қызметтер бойынша – бірнеше есе жоғары.Жергілікті ЖЭО-ны қазақстандық табиғи газға ауыстырғаннан кейін жылумен жабдықтау құнының төмендейді деген үміт бар. Сондай-ақ, қазір қалада сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып жатыр.Қызылорда облысының әкімдігі "Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын әзірледі. 11,4 шақырым кәріз желілері қайта жаңартылады. Жобаның жалпы құны 900 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда 700 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/114/87/1148717_0:0:3264:2448_1920x0_80_0_0_4328985f139c0041145f89a45c2e3cac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, баға, байқоңыр
коммуналдық қызмет, баға, байқоңыр
Байқоңырда барлық коммуналдық қызмет бағасы өседі
17:22 15.12.2021 (жаңартылды: 16:07 10.08.2023) 2022 жылы қалада жарық, жылу, сумен жабдықтау және қатты коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін өсіру қарастырылған
ҚЫЗЫЛОРДА, 15 желтоқсан — Sputnik. Байқоңыр қаласында жергілікті әкімшілік тұрғындарға барлық коммуналдық қызметтер тарифі көтерілетіні туралы хабарлады.
Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясына жалға берілген. Мұнда коммуналдық қызметтерді ресейлік мекемелер жеткізеді. Тарифтер Ресей заңнамасына сәйкес қалыптасады.
"Қала әкімшілігі басшысының қаулысымен қаладағы коммуналдық қызметтер үшін төлем мөлшері өзгеруінің шекті индексі белгіленген. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 30 маусымына дейін тарифтер өзгермейді, қазіргі тарифтер қолданылады. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін 4%-ке өседі", - деп нақтылады Байқоңыр әкімшілігінде.
Қалада электр энергиясына, жылу, ыстық және суық сумен жабдықтауға, су бұруға, қатты коммуналдық қалдықтарды тасымалдауға тарифтерді өсіру жоспарланып отыр.
Айта кетері, қазірде Байқоңырдағы коммуналдық тарифтер, мысалы, Қызылордаға (Байқоңыр Қызылорда облысының аумағында орналасқан) қарағанда жоғары, ал кейбір қызметтер бойынша – бірнеше есе жоғары.
Жергілікті ЖЭО-ны қазақстандық табиғи газға ауыстырғаннан кейін жылумен жабдықтау құнының төмендейді деген үміт бар. Сондай-ақ, қазір қалада сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып жатыр.
Қызылорда облысының әкімдігі "Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын әзірледі. 11,4 шақырым кәріз желілері қайта жаңартылады. Жобаның жалпы құны 900 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда 700 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.