https://sputnik.kz/20211215/Turkistan-zhalgan-kuzhat-18909937.html
Түркістанда жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер ұсталды
Түркістанда жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T20:37+0500
2021-12-15T20:37+0500
2023-08-09T17:05+0500
өңірлер
түркістан
полиция
құжат
https://sputnik.kz/img/635/51/6355114_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_947c79220779ed4576a276daeb9b3a36.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерді анықтады.Созақ ауданы полиция бөліміне аудан әкімдігінен қатынас хат келген. Онда аудан әкімшілігінде заңсыз қаулылар енгізілгені жазылған.Полиция жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасау және өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметкері анықталды.Ер адам полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған.Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, яғни "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша тіркеді.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/635/51/6355114_245:0:966:541_1920x0_80_0_0_b9a4079f73f418f57006841852ca3b84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, полиция, құжат
түркістан, полиция, құжат
Түркістанда жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер ұсталды
20:37 15.12.2021 (жаңартылды: 17:05 09.08.2023) Күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерді анықтады.
Созақ ауданы полиция бөліміне аудан әкімдігінен қатынас хат келген. Онда аудан әкімшілігінде заңсыз қаулылар енгізілгені жазылған.
Полиция жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасау және өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметкері анықталды.
Ер адам полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған.
Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, яғни "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша тіркеді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.