Видео

Ресейде оқитын қазақстандықтар Тәуелсіздікке тарту жасады - видео

Жазылу
Ресейдің Калининград облысында тұратын Қазақстанда туған жастар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерекше сый дайындады. Олар тастардан Қазақстанның туын салды
Акцияға қатысушылар осылайша Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтағысы келгенін айтты.
"Символдық мәні бар акцияны қазақстандықтар мен ресейліктер арасындағы достықты көрсету мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Себебі бұл достық шекара және қашықтықпен шектелмейді. Себебі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық мына гранит тастарынан да берік", - деді Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенті, Семейден Калининград қаласына оқуға барған Нұрсұлтан Қияқбаев.
Қазақстанның мемлекеттік туын Балтық теңізі жағалауында салуға бес сағат уақыт пен 1072 тас кеткен. Акцияға Кант атындағы Балтық федералды университетінің студенттерінен бөлек Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының батыс филиалының студенттері қатысты. Мемлекеттік туды жеті адам салып шықты.
"Осы шығармашылық арқылы біз ортақ еуразиялық кеңістіктің ауқымын көрсеткіміз келді. Шексіз Еуразия біздің бауырлас халықтарымызға, қарапайым адамдарға өмір сүруге, оқуға, жұмыс істеуге, отбасы құруға, армандауға және армандарды жүзеге асыруға күш береді", - деп түсіндірді акцияның ұйымдастырушысы, калининградтық журналист Андрей Выползов.
Айта кетері, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. 2021 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл болды.
Жаңалықтар
0