Экономика

БЖЗҚ басшысы зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі неге қысқарғанын айтты

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖанат Курманов
Жанат Курманов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Ақшаны арнайы шотқа аударғанда, ол қордан алынып, адамға инвестициялық кіріс әкелмейді. Сол себепті бұл кезеңді қысқартқан дұрыс, деді Құрманов
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге неге қысқарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрманов зейнетақы жинағын пайдалану мерзімін белгілеу мәселесі БЖЗҚ-ның құзыретіне кірмейтінін атап өтті. Мұнымен "Отбасы банк" және басқа да екінші деңгейлі банктер айналысады.
"Ақшаны арнайы шотқа аударғанда, ол қордан алынып, адамға инвестициялық кіріс әкелмейді. Сол себепті қаржы арнайы шотта жай жатпас үшін бұл кезеңді қысқартқан дұрыс болар еді", - деді ол мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айтуынша, егер адам алдын ала дайындалса, ақшаны өз мақсатымен пайдалану үшін оған 20 жұмыс күні жетеді.
"БЖЗҚ-ға келіп, зейнетақы жинағын арнайы шотқа аудармас бұрын, қандай баспана сатып алатыныңызды мұқият анықтап, тиісті құжаттарды дайындап қойғаныңыз абзал", - деді зейнетақы қорының басшысы.
Оқи отырыңыз: Депутаттар "жеткілікті шекті" қайта есептеп, кінәлілерді жазалауды талап етті 
Еске салсақ, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарды.
Біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсатқа сай пайдалану қажет. 20 жұмыс күні онлайн-платформада өтініш жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен кезден бастап есептеледі.
Жаңалықтар
0