Спорт

Арман Әшімов қарсыласын жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді – видео

© Sputnik / Дархан МусинЛоготип Sputnik в октагоне
Логотип Sputnik в октагоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Әшімов Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегінде бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді, деп хабарлады Sports.kz.
Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Видеоны төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Еске сала кетейік, Әшімов ережесіз жекпе-жектегі ақырғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзербайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын. Осылайша ол 14-ші жеңісіне қол жеткізді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы мұрны сынса да, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады – видео 
Жаңалықтар
0