Өңірлер

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу болады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЗакрытие фестиваля "Круг света"
Закрытие фестиваля Круг света - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Мерейтойлық датаға орай Алматыда 110-нан астам түрлі іс-шара өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы қаланың мәдениет басқармасы хабарлады.    
Отшашу "Астана" алаңында (ҚБТУ ғимаратына қарама-қарсы) сағат 21.00-де басталады.
Қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан астам түрлі іс-шара өткізілетіні туралы хабарлады. Мысалы, 15 желтоқсанда №1 Оқушылар үйінде "Жаса, қазақ елі" концерті өтеді. Сол күні Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен "Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек" атты іс-шара ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Сайран көлінің жағасында жастардың қатысуымен эко-акция өтеді.
16 желтоқсанда "Тұран" университеті флешмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында "Абылай хан" операсының премьерасы көрсетіледі.
Тәуелсіздік күні Қазақстан Ұлттық кітапханасында "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс-шара өтеді.
Биыл Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн – 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0