https://sputnik.kz/20211214/tsoy-revaktsinatsiya-qazvac-18892084.html
Цой ревакцинация үшін неге QazVac қана қолданылып жатқанын түсіндірді
Цой ревакцинация үшін неге QazVac қана қолданылып жатқанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ, коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейін қайта вакцина салдыруға тиіс 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T10:28+0500
2021-12-14T10:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
денсаулық
covid-ке қарсы вакцина
алексей цой
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18625648_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_45162fe914000132098ec8f66ed51cc8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Ревакцинация жасағысы келетін қазақстандықтарға вакциналау пунктерінде тек отандық QazVac ұсынылып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, "Спутник V" вакцинасы ревакцинацияға жарамайды. Себебі компоненттері әртүрлі.Мұндай вакцинаға қазақстандық QazVac жатады.Сондай-ақ, Цойдың сөзінше, ревакцинация үшін бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын да қолдануға болады. Бірақ, ресейлік препарат әзірге елімізде жоқ."Бізге жеткізілген соң, қолжетімді болады. Қазір препаратты жеткізу туралы келіссөз жүріп жатыр. Екі жолын қарастырып отырмыз – біздің зауытта өндіру немесе Ресейден әкелу. Қайсысы жылдам, соны қарастыру үстіндеміз", - деді ол.Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация тактикасын өзгерткен болатын. 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ, коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейін қайта вакцина салдыруға тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18625648_184:0:1384:900_1920x0_80_0_0_cf9cf22810db52448d5912c2f4c16411.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
covid-ке қарсы вакцина, алексей цой, вакцина
covid-ке қарсы вакцина, алексей цой, вакцина
Цой ревакцинация үшін неге QazVac қана қолданылып жатқанын түсіндірді
10:28 14.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ, коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейін қайта вакцина салдыруға тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Ревакцинация жасағысы келетін қазақстандықтарға вакциналау пунктерінде тек отандық QazVac ұсынылып жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, "Спутник V" вакцинасы ревакцинацияға жарамайды. Себебі компоненттері әртүрлі.
"Ревакцинация кезінде компоненттері бірдей вакцина егіледі. Ал "Спутниктің" бірінші және екінші компоненттері әртүрлі. Сол себепті Қазақстанда ревакцинация үшін компоненті бірдей вакцина қолданылады", - деді Цой үкімет кулуарында.
Мұндай вакцинаға қазақстандық QazVac жатады.
Сондай-ақ, Цойдың сөзінше, ревакцинация үшін бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын да қолдануға болады. Бірақ, ресейлік препарат әзірге елімізде жоқ.
"Бізге жеткізілген соң, қолжетімді болады. Қазір препаратты жеткізу туралы келіссөз жүріп жатыр. Екі жолын қарастырып отырмыз – біздің зауытта өндіру немесе Ресейден әкелу. Қайсысы жылдам, соны қарастыру үстіндеміз", - деді ол.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация тактикасын өзгерткен болатын. 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ, коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейін қайта вакцина салдыруға тиіс.