Әлем

Ресейдің студенттер қаласы Қазақстан түлектерін оқуға шақырады

© Photo : Пресс-служба ТУСУРЛекция в ТУСУРе
Лекция в ТУСУРе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Жасанды интеллектті меңгеру, адам денсаулығын сақтауға арналған биотехнолгиялар әзірлеу немесе тәжірибелі сарапшылардың жетекшілігімен ІТ-стартап ашу – мұның барлығын студенттік шақта жүзеге асыруға әбден болады
Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті (ТБЖРУ) Қазақстандағы абитуриенттерді жаңа оқу жылында бакалавриат, специалитет және магистратура бағдарламалары бойынша білім алуға шақырады. Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 маусымынан басталады, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

Студенттер пікірі

Бүгінгі таңда Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінде әлемнің 36 елінен келген 14 мыңға жуық студент, оның ішінде 1 288 қазақстандық білім алуда.
© Photo : Пресс-служба ТУСУРНұрдәулет Саламатов
Нурдаулет Саламатов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Нұрдәулет Саламатов
Оқу орны ұсынған ақпарат бойынша, қазақстандық студенттер көбіне "Электроника және наноэлектроника", "Информатика және есептеуіш техника", "Экономика", "Техникалық жүйелердегі басқару", "Менеджмент", "Бағдарламалық инженерия", "Радиотехника", "Құқықтану", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс жүйелері" мамандықтарын таңдайды.
"Мектепте оқып жүргенімде Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті туралы брошюра қолыма түсіп, "инноватика" сөзіне назар аудардым. Қазақстанда инновациялық қызметпен байланысты бағыттарды естіген емеспін. Таныстарым мен достарымнан осы оқут орны жайлы сұрастырып, ТБЖРУ-ға оқуға түсемін деп шештім. Кіріспе емтиханды туған қалам – Астанада тапсырдым, бізге көшпелі комиссия келді. Нәтижесінде мен "Электронды техникадағы инновацияларды басқару" мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдадым. Ал қазір "Мехатроника және робототехника" бағыты бойынша магистратураның бірінші курсында оқып жатырмын", - деді ТБЖРУ студенті Нұрдәулет Саламатов.
© Photo : Пресс-служба ТУСУРТомск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінің басты оқу корпусы
Главный учебный корпус ТУСУРа - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінің басты оқу корпусы
Студент қазірдің өзінде болашақ магистрлік диссертация үшін зерттеу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар ол Томск гимназиясының бірінде робототехника бойынша қосымша білім беру саласында мұғалімі болып жұмыс істейді.
"Университет креативті-аналитикалық ой-өрісті дамытуға көмектеседі. Мысалы, бакалавриатта біз үлкен ақпарат көлемімен жұмыс істеп, қорытынды жасадық, түрлі жағдайды болжап білдік – мұның барлығы компанияның жаңа деңгейге көтерілуіне көмектесетін басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет", - дейді Саламатов.
Магистрант бұдан бөлек "Қол магиясы" студенттік пластика театрында әртіс ретінде еңбектенеді, сондай-ақ студенттік кеңеске белсенді қатысады.
"Томск – студенттер астанасы, мұнда әлемнің түрлі елінен түрлі ұлт өкілдеріі келеді. Мұнда келуді көп жас армандайтыны анық. Студенттер қызметінде біздің оқу орнымыз ең үздік деп санаймын. Мұнда бірінші курс студенттері өздерін жайлы сезінуі үшін үлкен қамқорлық жасалады. Сондықтан ТБЖРУ-да өзін-өзі дамытудың құрал-әдісі көп", - дейді студент.
Оқу орнында 20-дан астам мәдени-шығармашылық үйірме, 25 студенттік өзін-өзі басқару бірлестігі, 29 спорт секциясы, волонтерлік және табиғатты қорғау ұйымы бар.

Студенттер кәсіпкерлігіне жол ашу

ТБЖРУ электронды, зымыран-ғарыштық және IT салаларында кадр дайындау бойынша ресейлік білім берудегі көшбасшы болып саналады. ЖОО 31 бағыт бойынша бакалавриат пен специалитет даярлайды, сондай-ақ 20 магистрлік бағдарламаны сәтті жүзеге асырып отыр. Сонымен қатар университет технологиялық студенттер кәсіпкерлігіне қолдап, оны белсенді түрде дамытып келеді.
"2004 жылы университет базасында Ресейдегі алғашқы жоғары оқу орындары арасындағы студенттік бизнес-инкубатор (СБИ) "Дружба" ашылды. Ол ақпараттық технологиялар және электроника саласындағы білімді қажет ететін жоғары технологиялық бизнестің қалыптасуын қамтамасыз етеді. 18 жыл ішінде университет инкубаторында жалпы жылдық айналымы 70 миллиард рубльден асатын 210-нан астам шағын инновациялық кәсіпорын пайда болды", - деді оқу орнының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ университетте студенттерге де, оқут орнының түлектеріне көмектесетін Жұмыспен қамтуға ықпал ету орталығы құрылған. Мысалы, университет студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуін қарастыратын "Қызмет күнін" ұйымдастырады. Жұмыс іздеу бойынша қызмет көрсететін Superjob танымал сервисі ұсынған мәлімет бойынша, 2021 жылы ТБЖРУ жалақы деңгейі бойынша техникалық университеттер рейтингінде 15-ші орынға ие болды (https://students.superjob.ru/reiting-vuzov/it/). IT-саласында жұмыс істейтін университет түлектерінің орташа жалақысы 105 мың рубльді құрайды.
ЖОО стратегиялық серіктестері қатарында "АВТОВАЗ" АҚ, "Ижевский радиозавод" АҚ, "Специальное конструкторско-технологическое бюро по релейной технике" АҚ, "ЭлеСи" АҚ, "Сургутнефтегаз" ААҚ, "Томскнефтехим" ЖШҚ, Томск облысындағы Ресей бақылау комитеті, "Центр финансовых технологий" ЖАҚ, "Новые поисковые технологии" ЖШҚ, "Банк ВТБ" және басқалар бар.
© Photo : Пресс-служба ТУСУРОқу орнындағы ғылыми-зерттеу
Научно-исследовательская деятельность в ТУСУРе - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Оқу орнындағы ғылыми-зерттеу
Бұдан бөлек "Қаржы академиясы" АҚ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Халықаралық Бизнес-Академия (ХБА), Инновациялық Еуразиялық университет, Алматы энергетика және байланыс институты (АЭБИ), Қазақ-Британ техникалық университеті, Букетов атындағы Қарағанды мемлекетік университеті бар.

Қабылдау ережелері

Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетіне бірнеше әдіспен құжат тапсыруға болады: оқу орнының abiturient.tusur.ru ресми сайтында онлайн түрде, пошта арқылы немесе Томск университетінің қабылдау комиссиясына жеке өзі (немесе өкілі арқылы) тапсыра алады. Шетелдік студенттер үшін кіріспе емтихан қашықтан тапсырылады. Бұл туралы шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі жетекші сарапшы, академиялық мобильділік бағдарламасының академигі Мария Афанасьева.
"Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты сынақ онлайн өтті. 2022 жылы да қашықтан тапсыру мүмкіндігі сақталады. Сонымен қатар, бірқатар ТМД мемлекетінде көшпелі комиссия жұмыс істейді. Сондықтан емтиханды өз қалаңызда тапсыруға болады. Бұл туралы оқу орнының әлеуметтік желісінде жарилаймыз", - деді ол.
Қазақстан азаматтары бюджеттік орын үшін ресейліктермен ортақ негізде конкурсқа қатыса алады. Сондай-ақ шетелдіктер өздері үшін қызықты бағыт бойынша ақылы түрде оқуға түсе алады.

Шекара мәселесі

Қазіргі уақытта коронавирусқа байланысты шетелдік түлектердің Ресейге кіруіне қатысты ерекше ережелер енгізілген.
"Бірінші қадам – оқуға қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде оқу орнымен электронды пошта арқылы байланысып, елге кіру тәртібі туралы нұсқаулық алу керек. Екіншісі – Ресейге келгенге дейін үш күн бұрын ПТР әдісі арқылы коронавирус инфекциясын жұқтыру-жұқтырмағанын тексеру", - деді Афанасьева.
Сарапшының айтуынша, шекарадан өту және жатақханаға орналасу кезінде абитуриенттерге ПТР-тес нәтижесі бар орыс және ағылшын тіліндегі медициналық анықтама мен Ресейге келу мақсатын растайтын оқу орнына қабылданғаны туралы анықтама қажет болады. Ресейге кіру ережелері туралы толық нұсқаулықпен оқу орнының сайтында танысуға болады.
Жаңалықтар
0