Өңірлер

Қарағанды тұрғыны "көріпкелге" 12 миллион теңгесін аударып жіберген

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАрхивное фото проведения ритуала
Архивное фото проведения ритуала - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Жәбірленуші әлеуметтік желідегі "Тегін болжау" деген жарнаманы көріп, ғұрыптық керек-жарақтарды сатып алмақшы болған
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды тұрғыны белгісіз біреуге 12 миллион теңгесін аударып, алданып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
7 желтоқсанда Қарағанды ​​қаласының Киров аудандық полиция бөліміне 41 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз бір адам жариялаған "Тегін болжау" деген жарнаманы көзі шалған. Хат алмасу барысында алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі сылтаумен адастырған.
Осылайша арызданушы онлайн аударымдар арқылы белгісіз біреуге шамдар мен ғұрыптық керек-жарақтарды сатып алу үшін жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыс орындалмамаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 желтоқсанда "көріпкелді" анықтап, ұстады. Ол 23 жастағы жас жігіт болып шықты.
Күдікті қылмысын мойындады. Айғақ заттар алынды.  Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған жігіттің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Көріпкел Алматы тұрғынын 27 миллион теңгеге алдап кетті 
Жаңалықтар
0