Экономика

Қазақстанда фри картобын шығаратын зауыт салынады

© Photo : Pixabay / Maria GutebringКартофель с курицей
Картофель с курицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласындағы 10 ірі инвестициялық жобаны іске асырады
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында фри картобын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаны нидерландтық Farm Frites компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, министрлік трансұлттық компаниялардың қатысуымен агроөнеркәсіп кешені саласындағы 10 ірі инвестициялық жобаны іске асырады. Инвестицияның жалпы сомасы 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Мәселен, нидерландтық "Farm Frites" компаниясы фри картобын өндіретін зауыт салмақшы. Кәсіпорын Қазақстанның оңтүстігінде ашылады.
"Жамбыл облысында фри картобын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 145 миллион АҚШ доллары", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Америкалық "Tyson Foods" компаниясы құны 300 миллион доллар болатын ет өңдеу зауытын салуды көздейді.
"QazSugar" компаниясы Жамбыл облысында қант өндіретін зауыт салып жатыр. Жоба құны 220 миллион доллар.
"Fruit Art" компаниясы
Алматы облысында сублимация зауытын, жеміс сақтау орнын, жылыжай комбинатын және плантациялар салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жалпы құны 77 миллион долларды құрайды.
"Valmont" компаниясы
Жаңбырлатқыш машиналар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асырады. Жобаға 50 миллион АҚШ доллары шамасында инвестиция құйылады.
Сондай-ақ швейцариялық компаниялар қатысатын жобалар бар.
"KS Genetics" компаниясы
Алматы облысында толық циклді инновациялық, экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы кешенін құру бойынша жалпы құны 49 миллион АҚШ долларын құрайтын зауыт салу көзделіп отыр.
"INOKS" компаниясы
Алматы облысында аумағы 1000 га болатын қарқынды бақ отырғызу және жалпы сыйымдылығы 7900 тонна жеміс сақтау орнын, жеміс өңдеу цехтарын салу жобасын іске асырады. Жобаның жалпы құны 81,5 миллион АҚШ доллары.
Ресейлік "Экокультура" агроөнеркәсіптік холдингі 
Түркістан облысында жалпы ауданы 500 га жылыжай кешенін тұрғызады.  Жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ доллары.
Түркиялық "Goknur Gida" компаниясы
Жамбыл облысында аумағы 5 000 га қарқынды бақ отырғызу, жеміс өңдеу цехтарын салу жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 98 миллион АҚШ долларын құрайды.
Германиялық "Baumann" компаниясы
Қазіргі уақытта Алматы облысында қой етін өңдеу зауытын салып жатыр. Оған 31,2 миллион АҚШ доллары жұмсалады.
Жаңалықтар
0